---
title: "Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!"
description: "Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, Қадірлі сала ардагерлері!Сіздерді кәсіби мерекеле..."
author: "mangystau.mng.nurotan.kz"
published: "2020-11-20T05:19:38+00:00"
modified: "2020-11-20T05:19:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/auyl-sharuashyly-y-yzmetkerleri-k-nimen-shyn-zh-rekten-tty-taymyz-876102"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/auyl-sharuashyly-y-yzmetkerleri-k-nimen-shyn-zh-rekten-tty-taymyz-876102/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

> Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, Қадірлі сала ардагерлері!Сіздерді кәсіби мерекеле...

Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, Қадірлі сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке егін егіп, мал шаруашылығымен айналысатын, азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс жасайтын, еліміздің және өңіріміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген жандардың мерекесі. Ауыл шаруашылығы ел өмірінде ерекше орын алатын салалардың бірі. Ол экономиканың ғана емес, қоғамдық - саяси тұрақтылықтың айнасы. Елбасымыздың, Президентіміз Қ.Тоқаевтың көреген саясатының арқасында ауылшаруашылық саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Соның нәтижесінде ауыл халқының тұрмысы, әлеуметтік жағдайы жақсара түсуде.

Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы -ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты десек артық айтқанымыз емес. Бұл мереке баршамызға ортақ қуаныш. Бұл ел экономикасының ең маңызды саласы қызметкерлерінің мерекесі.

Сіздерге Отанымыздың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табанды еңбектеріңіз бен өз істеріңізге адалдықтарыңыз, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айтамыз.

Осы мерейлі мереке күні сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, шаңырақтарыңызға бақ-береке, қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/auyl-sharuashyly-y-yzmetkerleri-k-nimen-shyn-zh-rekten-tty-taymyz-876102](https://yvision.kz/kk/post/auyl-sharuashyly-y-yzmetkerleri-k-nimen-shyn-zh-rekten-tty-taymyz-876102)