---
title: "Ауыл шаруашылық басқармасында заңнама өзгерістері талқыланды"
description: "Ағымдағы жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекетік қызмет істері министрлігі Солтүстік..."
author: "finpolsko"
published: "2016-03-18T03:00:19+00:00"
modified: "2016-03-18T03:00:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/auyl-sharuashyly-bas-armasynda-za-nama-zgeristeri-tal-ylandy-684346"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/auyl-sharuashyly-bas-armasynda-za-nama-zgeristeri-tal-ylandy-684346/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ауыл шаруашылық басқармасында заңнама өзгерістері талқыланды

> Ағымдағы жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекетік қызмет істері министрлігі Солтүстік...

![Ауыл шаруашылық басқармасында заңнама өзгерістері талқыланды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/MJq9ziMnO2p503C0pYaXZ9xGg3E3dq.jpg)

Ағымдағы жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекетік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары облыстық Ауыл шаруашылық басқармасының ұжымына семинар-кеңес өткізді.

Басты тақырып – мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер.

![Ауыл шаруашылық басқармасында заңнама өзгерістері талқыланды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/3Tg0o3bbYPlkstxgp8082M0u9l9OI7.jpg)

Сондықтан Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ә.Б. Мұхамеджанова мен Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Р.С. Байжанов жиылған қауымға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының негізгі ережелері мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің ерекшеліктерін толығымен түсіндірді.

Заңнамада орын алған жаңашылдықтарға қатысты қойылған сұрақтарға Департамент қызметкерлері білікті жауаптарын берді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/auyl-sharuashyly-bas-armasynda-za-nama-zgeristeri-tal-ylandy-684346](https://yvision.kz/kk/post/auyl-sharuashyly-bas-armasynda-za-nama-zgeristeri-tal-ylandy-684346)