---
title: "Аустриялық трансұлттық компания Қазақстандағы автожолдарды жөндеу жүйесін дамытуға қатысуды жоспарлауда"
description: "Венада ҚР Аустриядағы Елшілігі Аустрия өнеркәсіпшілер бірлестігінің қолдауымен «Discovering business..."
author: "MalikaD"
published: "2015-05-28T03:15:00+00:00"
modified: "2015-06-01T00:33:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/austriyaly-trans-ltty-kompaniya-aza-standa-y-avtozholdardy-zh-ndeu-zh-yesin-damytu-a-atysudy-zhospar-505959"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/austriyaly-trans-ltty-kompaniya-aza-standa-y-avtozholdardy-zh-ndeu-zh-yesin-damytu-a-atysudy-zhospar-505959/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Аустриялық трансұлттық компания Қазақстандағы автожолдарды жөндеу жүйесін дамытуға қатысуды жоспарлауда

> Венада ҚР Аустриядағы Елшілігі Аустрия өнеркәсіпшілер бірлестігінің қолдауымен «Discovering business...

Венада ҚР Аустриядағы Елшілігі Аустрия өнеркәсіпшілер бірлестігінің қолдауымен «Discovering business opportunities in Kazakhstan» атты қазақстан-аустриялық бизнес-форумды өткізді.

ҚР СІМ хабарлағандай, Қазақстан инвестициялары арасындағы салынған және қазақ-аустриялық экономикалық ынтымақтастығының жарқын үлгісі ретінде Ритц-Карлтон қонақ үйі форум өткізу орыны ретінде таңдалды.

> Бизнес-форум жұмысына 100-ге жуық аустриялық компаниялар, үкімет және бизнес-бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Құрметті қонақтар ішінен Аустрия Парламентінің депутаттар тобын басқарған Ұлттық Кеңестің Екінші президенті Карлхайнц Копф, Аустрияның Көлік, инновациялар мен технологиялар вице-министрі Андреас Райхард және басқа да жоғары шенеуніктер қатысты.

Форумның негізгі баяндаушысы ретінде сөз сөйлеген ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев форум қатысушыларын «100 қадам» атты Ұлттық жоспар, 2015-2018 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы, 2015-2017 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» бағдарламасы, инвесторларды қолдау шаралары және өндірісті локализациялау аясында қазақстан-аустриялық ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы ақпараттандырды.

> Бизнес-форум шеңберінде өткен панельді дискуссия барысында Қазақстан Парламент Мәжілісінің депутаты – Қазақстан Машина жасаушылар одағының Басқарма төрағасы М. Пішембаев, Аустрияның Экономика палатасының вице-президенті Р. Шенц және «КазнексИнвест» АҚ төрағасының оранбасары А. Ерғазиева интерактивті форматта Қазақстанда бизнес жасау мүмкіндіктері және инвестициялық климат жайлы айтып берді.

Вице-министр Е. Сағадиев Аустрияның экономика вице-министрі Б. Гирлингермен кездесіп, тараптар екі-жақты әрекеттесуді одан әрі күшейтуге және нығайтуға мүдделілігін растады.

> Форум шеңберінде «КазнексИнвест» АҚ мен аустриялық трансұлттық компания «KapschTrafficCom» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл компания Қазақстанда жол саласын дамытуға қатысуды жоспарлайды. Одан басқа Аустрия өнеркәсіпшілер бірлестігінің офисінде вице-министр Е. Сағадиев бір қатар жетекші аустриялық компания басшыларымен кездесулері өтті.

Жалпы, осы форум барысында аустриялық компаниялар Қазақстанмен ынтымақтасуға үлкен қызығушылығын көрсетті. Потенциалды инвесторлардан басқа, форум аустриялық компаниялардың ҚР-мен өнеркәсіптік кооперацияға мүдделлігін айқындады.

> Еуропада Қазақстан өнері мен жас өнерпаздарын танымал ету мақсатымен ҚР Аустриядағы Елшілігі іске асырып жатқан «Қазақстан інжулері» жобасы шеңберіндегі қазақстандық классикалық музыка орындаушылары – әлемге танымал скрипкашы Аида Аюпова және пианиношы Гүлжан Үзембаеваның концертімен аяқталды.

Ақпарат көзі [strategy2050.kz](http://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/austriyaly-trans-ltty-kompaniya-aza-standa-y-avtozholdardy-zh-ndeu-zh-yesin-damytu-a-atysudy-zhospar-505959](https://yvision.kz/kk/post/austriyaly-trans-ltty-kompaniya-aza-standa-y-avtozholdardy-zh-ndeu-zh-yesin-damytu-a-atysudy-zhospar-505959)