---
title: "Қауіптіліктің ең үлкен түрі — тұрақсыздық!"
description: "Қазақ елі жаман емес. Алға жылжып, өсіп келеді. Адымдай ма, аяңдай ма, онысы маңызды емес. Осы жолд..."
author: "tracyb"
published: "2017-07-17T03:14:32+00:00"
modified: "2017-07-17T03:14:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/auiptilikti-e-lken-t-ri-t-ra-syzdy-773183"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/auiptilikti-e-lken-t-ri-t-ra-syzdy-773183/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қауіптіліктің ең үлкен түрі — тұрақсыздық!

> Қазақ елі жаман емес. Алға жылжып, өсіп келеді. Адымдай ма, аяңдай ма, онысы маңызды емес. Осы жолд...

**Қазақ елі жаман емес. Алға жылжып, өсіп келеді. Адымдай ма, аяңдай ма, онысы маңызды емес. Осы жолда бізге тежеу болып, өсуді тоқтататын қара ниеттілер бар. Олар - қоғамдық тұрақтылықты бұзушылар. Олармен құқық қорғаушылар ғана емес, тұтастай қоғам болып күресуіміз керек.** **Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтаған Назарбаев осылай деді.** **Көзге көрінбейтін, арам ниеттілерден жасақталған күштік құрылымдар бар. Олардың бар мақсаты- елде тұрақсыздық орнатып, бар нәрсені бүлдіріп, қирату. Бірақ, мұндайларға біз жол бермейміз, олардың алдын орап, жоспарларының күл талқанын шығарамыз.** **Ең бастысы, біздің қоғам мұндай сорақылыққа жол бермейміз деген сенімді пікірімізді қолдап, бізге демеу болады деп ойлаймын!** Алайда, қазіргі қоғамның бет алысы, жаһандық геосаяси жағдай бар. Бұлардың барлығы, ел бірлігінің маңызды екенін, ең бастысы - елімізге және ұлттық қауіпсіздікке халықаралық діни-экстермистік ұйымдар дайындаған радикалдық топтар расында қауіпті екендігін көрсетеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/auiptilikti-e-lken-t-ri-t-ra-syzdy-773183](https://yvision.kz/kk/post/auiptilikti-e-lken-t-ri-t-ra-syzdy-773183)