---
title: "«Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық шарасының 3 күнінде 39 қоғамдық көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды"
description: "2016 жылдың 25-27 шілде аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ..."
author: "dvdkzokz"
published: "2016-07-28T21:31:46+00:00"
modified: "2016-07-28T21:31:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/auipsiz-zhol-zhedel-profilaktikaly-sharasyny-3-k-ninde-39-o-amdy-k-lik-zh-rgizushileri-kimshilik-zha-704439"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/auipsiz-zhol-zhedel-profilaktikaly-sharasyny-3-k-ninde-39-o-amdy-k-lik-zh-rgizushileri-kimshilik-zha-704439/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық шарасының 3 күнінде 39 қоғамдық көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

> 2016 жылдың 25-27 шілде аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ...

2016 жылдың 25-27 шілде аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында облыс көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді.

Шараның 3 күнінде жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзудың барлығы **1527** дерегі тіркелді. Оның ішінде, көлік құралын мас күйінде басқару бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша) – 40, техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқарғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы, 9-бөлігі) – 30, көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдалану бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы) - 214, белгіленген жүру жылдамдығын арттыру бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы) – 180, қауіпсіздік белдігін тақпау бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы, 1-бөлігі) – 561, маневр жасау қағидаларын бұзу бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы) – 76, жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу (ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы) – 40, жол жүрісі қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан құқық бұзушылығы (ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы) – 10, басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы, 1-бөлігі) – 53, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзуы бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы) – 72 құқық бұзушылық анықталды.

Сонымен қатар, шара барысында жол жүрісі ережесін бұзған 39 қоғамдық автокөлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, барлығы 56 автокөлік айып алаңына жеткізілді.

 

**Қызылорда ОІІД** **баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/auipsiz-zhol-zhedel-profilaktikaly-sharasyny-3-k-ninde-39-o-amdy-k-lik-zh-rgizushileri-kimshilik-zha-704439](https://yvision.kz/kk/post/auipsiz-zhol-zhedel-profilaktikaly-sharasyny-3-k-ninde-39-o-amdy-k-lik-zh-rgizushileri-kimshilik-zha-704439)