---
title: "«Қауіпсіз жол» шарасының бірінші күнінде 467 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген"
description: "Ағымдағы жылдың ақпан айының 23-27 күндері аралығында облыс көлемінде көлік жолдарындағы тәртіпті кү..."
author: "dvdkzokz"
published: "2015-02-24T06:13:00+00:00"
modified: "2015-02-24T06:13:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/auipsiz-zhol-sharasyny-birinshi-k-ninde-467-kimshilik-y-b-zushyly-tirkelgen-474328"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/auipsiz-zhol-sharasyny-birinshi-k-ninde-467-kimshilik-y-b-zushyly-tirkelgen-474328/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қауіпсіз жол» шарасының бірінші күнінде 467 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген

> Ағымдағы жылдың ақпан айының 23-27 күндері аралығында облыс көлемінде көлік жолдарындағы тәртіпті кү...

Ағымдағы жылдың ақпан айының 23-27 күндері аралығында облыс көлемінде көлік жолдарындағы тәртіпті күшейту, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында жол-көлік оқиғалараның артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтауға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шараларын өткізу жоспарланған болатын. Аталған іс-шараға әкімшілік полиция басқармасы аппаратының қызметкерлері, әкімшілік полицияның жеке құрамы түгелдей жұмылдырылды.

Жүргізілген рейдтік жұмыстардың бірінші күнінде көлік жүргізушілерімен орын алған **467 әкімшілік құқық бұзушылық** тіркелсе, оның **9-ы** – көлік құралын мас күйінде басқару дерегі бойынша, **73-і** – көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалану дерегі бойынша, **95-і** - көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын арттыру дерегі бойынша, **16-ы** – қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқару дерегі бойынша, **16-ы** - құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқару дерегі бойынша заң бұзушылықтар анықталған. Аталған деректер бойынша тиісті әкімшілік шаралар көріліп, 16 жүргізушінің көлік құралы айыппұл алаңына қойылған.

 

**Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/auipsiz-zhol-sharasyny-birinshi-k-ninde-467-kimshilik-y-b-zushyly-tirkelgen-474328](https://yvision.kz/kk/post/auipsiz-zhol-sharasyny-birinshi-k-ninde-467-kimshilik-y-b-zushyly-tirkelgen-474328)