---
title: "Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау..."
description: "Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысын..."
author: "irgiz.nurotan.kz"
published: "2020-11-25T10:12:52+00:00"
modified: "2020-11-25T10:12:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/audandy-sanitariyaly-epidemiologiyaly-ba-ylau-878640"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/audandy-sanitariyaly-epidemiologiyaly-ba-ylau-878640/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау...

> Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысын...

![Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау...](https://storage.yvision.kz/images/user/443431/86b1e388bcb8b9f38cbedc4456b163.jpg)

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 10 қосымшасына сәйкес, ХҚКО online - режимде, нақты мемлекеттік қызметтерді online-режимде көрсетудің техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда – халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақытын сағат 09-00- 18-00 сағатқа дейін, Call орталықтарының жұмысын сағат 9.00-18.00 сағатқа дейін шектей отырып, оларды қатаң алдын ала брондау бойынша Egov.kz, EgovKZBot 2.0 телеграмм-бот арқылы ұсынуды қамтамасыз ету және аталған Қаулының 10 қосымшасына сәйкес, сағат 9.00 ден 18.00 дейін және қызметті барынша онлайн форматта көрсету арқылы «Қазпочта» АҚ-ның жұмысын ұйымдастыру қажеттілігі көрсетілген.

![Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау...](https://storage.yvision.kz/images/user/443431/c014e1fe781deec07532066aa5e2cb.jpg)

Құрметті аудан тұрғындары!!! Бетперде тағу мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау - басты санитарлық талап. Екі және одан көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде бетперде міндетті түрде тағылуы, әлеуметтік қашықтық (2 метрден кем емес) сақталуы тиіс. Тұрғындар барынша өзін оқшау ұстауға: аралас-құраластықты азайтуға, аса қажеттілік болмаса үйден шықпауға, өзге адамдармен байланысты шектеуге ұмтылғаны абзал. Саулық сақтықта екенін ұмытпай, жақындарымызға жанашыр болайық!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/audandy-sanitariyaly-epidemiologiyaly-ba-ylau-878640](https://yvision.kz/kk/post/audandy-sanitariyaly-epidemiologiyaly-ba-ylau-878640)