---
title: "Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар сайлаушылармен кездесті"
description: "Аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар – аудандық мəслихат хатшысы Темірболат Қасен, «Nur Otan»..."
author: "bayanaul.nurotan.kz"
published: "2020-12-30T06:34:21+00:00"
modified: "2020-12-30T09:48:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/audandy-m-slihat-deputatty-yna-kandidattar-saylaushylarmen-kezdesti-905533"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/audandy-m-slihat-deputatty-yna-kandidattar-saylaushylarmen-kezdesti-905533/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар сайлаушылармен кездесті

> Аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар – аудандық мəслихат хатшысы Темірболат Қасен, «Nur Otan»...

Аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар – аудандық мəслихат хатшысы Темірболат Қасен, «Nur Otan» партиясы Баянауыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қинаятолла Тəліпов «Май- кубен-Вест» ЖШС еңбек ұжымымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Кездесу барысында Қинаят Тəліпов «Nur Otan» партиясының бағдары тұрақты экономикалық даму жəне халықтың тұрмыс деңгейін арттыру екенін баса айтты. «Ауыл тұрғындарының табысын арттырамыз. Біз аудан əлеуетін халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, қайта өңдеу жəне сауда кəсіпорындарын дамыту, сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін пайдаланатын боламыз», - деді ол.

Онлайн жиында «Nur Otan» партиясы COVID-19 індетінің таралуынан неғұрлым зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасымен бірлесіп мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңа бизнес субъектілерін ашу үшін де жағдай жасайтыны айтылды. Партияның мақсаты – кəсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Темірболат Қасен өз сөзінде: «Nur Otan» партиясы ауыл азаматтарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Бұл бағытта «Ауыл – ел бесігі» жəне «Құтты мекен» жобаларын іске асыру жалғасатын болады. 2025 жылға қарай ауылдардың инфрақұрылымын жаңғырту Баянауыл ауданының барлық тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Нəтижесінде аудан тұрғындары таза су мен сапалы жолдарға, əлеуметтік жəне инженерлік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізе алады.

Ауданда 38 ауылдық елді мекеннен 8 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген, 4 ауылда суды тазарту үшін сүзгісі бар ұңғыма қондырғыларын пайдаланады, 24 ауылда ұңғымалар жəне 2 ауылда тасымалданатын суды пайдаланады. Біз 2022 жылға дейін қалған ауылдардың тұрғындарын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз», - деді.

«Nur Otan» партиясы Баянауыл аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сайлау-2021

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/audandy-m-slihat-deputatty-yna-kandidattar-saylaushylarmen-kezdesti-905533](https://yvision.kz/kk/post/audandy-m-slihat-deputatty-yna-kandidattar-saylaushylarmen-kezdesti-905533)