---
title: "Аудандық атқарушы органдарда кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру"
description: "ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша депа..."
author: "finpolsko"
published: "2015-08-12T03:17:22+00:00"
modified: "2015-08-12T03:17:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/audandy-at-arushy-organdarda-k-sibi-memlekettik-apparatty-alyptastyru-529038"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/audandy-at-arushy-organdarda-k-sibi-memlekettik-apparatty-alyptastyru-529038/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Аудандық атқарушы органдарда кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру

> ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша депа...

![Аудандық атқарушы органдарда кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/pBhIV32g0wjoJWxOLHjQ9K42FO6IBt.jpg)

**ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті облысымыздың аудандарында Мемлекет Басшысының бірінші институционалды реформасын түсіндіру жөніндегі кездесулерін белсенді өткізуде.**

Ағымдағы жылғы 11 тамызда мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтарды талқыға салу мақсатында, мемлекет Басшысының бірінші институционалды реформасын түсіндіру бойынша семинарлар өңіріміздің Айыртау және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарының мемлекеттік органдарында өтті.

Кездесулер барысында мемлекеттік қызметке өту, соның ішінде еңбек төлемінің факторлық-балдық шкаласын енгізу, кандидаттарды төменгі лауазымдарға сұрыптау және мансаптық жоғарылату, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметті жаңғырту мәселелері қарастырылды.

Мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігін еңбек төлемінің факторлық-балдық шкаласы бойынша еңбек ақы, 2016 жылға жоспарланған кешенді аттестациялау, сонымен қатар бос лауазымдық орындарға орналасу конкурстарын өткізу ресімдері бойынша болды.

Жаңашылдықтардың концептуалды негіздеріне қатысты семинар барысында келіп түскен сұрақтардың барлығына Департамент қызметкерлері нақты түсініктеме берді.

Жалпы көрсетілген тәсілдер, мемлекеттік қызметшінің тиісті еңбек ақы алуын қамтамасыз етуге бағытталған және ең үздік халықаралық тәжірибелерді ескерумен кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға септігін тигізеді.

Бұған қоса, кездесуде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қарастырылды, оның ішінде жемқорлық құқық бұзушылықтармен күресті қатаңдату және реттеу бойынша шаралар туралы әңгіме өрбіді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/audandy-at-arushy-organdarda-k-sibi-memlekettik-apparatty-alyptastyru-529038](https://yvision.kz/kk/post/audandy-at-arushy-organdarda-k-sibi-memlekettik-apparatty-alyptastyru-529038)