---
title: "Аудан әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның басталғаны туралы хабарлады"
description: "А.ж. 7 қыркүйекте Егіндікөл ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бой..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-09-08T07:03:07+00:00"
modified: "2016-09-08T07:03:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/audan-kimi-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-marafonny-bastal-any-turaly-habarlady-711082"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/audan-kimi-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-marafonny-bastal-any-turaly-habarlady-711082/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Аудан әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның басталғаны туралы хабарлады

> А.ж. 7 қыркүйекте Егіндікөл ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бой...

А.ж. 7 қыркүйекте Егіндікөл ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бастамашылық еткен «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны бастау алғаны туралы брифинг өтті.

Іс-шараға қатысушылардың алдында құттықтау сөзімен аудан әкімі Н. Төлепов сөйледі, ол жиналғандарға аудан әкімі аппаратының ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша қолданып отырған шаралар туралы баяндады.

Сонымен қатар, брифингке қатысушылар Сыбайлас жемқолыққа қарсы марафон аясында 7-20 қыркүйек аралығында Егіндікөл ауданында өтетін іс-шаралар туралы таныстырылды.

Іс-шараға 21 адам қатысты.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/dsc_0878.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/audan-kimi-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-marafonny-bastal-any-turaly-habarlady-711082](https://yvision.kz/kk/post/audan-kimi-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-marafonny-bastal-any-turaly-habarlady-711082)