---
title: "Аудан басшысы білім ошақтарының құрылысын қадағалады"
description: "Бүгін аудан әкімі Ж.Бейсенбаев күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептердің жұмыс барысымен танысты. Б..."
author: "Makhtaralbaspasoz"
published: "2016-08-09T05:01:23+00:00"
modified: "2016-08-09T05:01:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/audan-basshysy-bilim-osha-taryny-rylysyn-ada-alady-706260"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/audan-basshysy-bilim-osha-taryny-rylysyn-ada-alady-706260/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Аудан басшысы білім ошақтарының құрылысын қадағалады

> Бүгін аудан әкімі Ж.Бейсенбаев күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептердің жұмыс барысымен танысты. Б...

**Бүгін аудан әкімі Ж.Бейсенбаев күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептердің жұмыс барысымен танысты. Білім нысандарын аралаған аудан басшысы Достық ауылдық округындағы Айни ЖОМ-нің, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округының А.Тұяқбаев атындағы ЖОМ, Еңбекші ауылдық округындағы Абай атындағы ЖОМ-гі жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын көрді.**

![Аудан басшысы білім ошақтарының құрылысын қадағалады](https://pp.vk.me/c636126/v636126856/24ed2/e7QUlxnZl3I.jpg)

Аталған оқу нысандардың жұмысын алған мердігерлерге оқу жылы басталуға аз уақыт қалғанын ескертіп, нысандардың жылдам әрі сапалы етіп аяқтау керектігін жеткізді. Әсіресе, Хайдар елді мекенінде орналасқан Айни ЖОМ-гі жұмыстардың кестеден кешігіп жатқандығын, нысанда жұмыс істеп жатқан 32 адамның уақытында жұмыстарды бітіре алмайтындығын ескертіп, қосымша жергілікті халықты жұмысқа тарта отырып қол күшін көбейтіп, мәселені шешу керектігін айтты.

![Аудан басшысы білім ошақтарының құрылысын қадағалады](https://pp.vk.me/c636126/v636126856/24ebd/9shR02eFpvw.jpg)

![Аудан басшысы білім ошақтарының құрылысын қадағалады](https://pp.vk.me/c636126/v636126856/24e77/VTwn8SY4BKQ.jpg)

![Аудан басшысы білім ошақтарының құрылысын қадағалады](https://pp.vk.me/c636126/v636126856/24e81/s01RuIWU93o.jpg)

![Аудан басшысы білім ошақтарының құрылысын қадағалады](https://pp.vk.me/c636126/v636126856/24e8b/0thHADGI0eo.jpg)

![Аудан басшысы білім ошақтарының құрылысын қадағалады](https://pp.vk.me/c636126/v636126856/24e95/MlI7FqS6NLg.jpg)

![Аудан басшысы білім ошақтарының құрылысын қадағалады](https://pp.vk.me/c636126/v636126856/24e9f/OgyYDDcxoO8.jpg)

![Аудан басшысы білім ошақтарының құрылысын қадағалады](https://pp.vk.me/c636126/v636126856/24ea9/9NWEdvvZZ2M.jpg)

![Аудан басшысы білім ошақтарының құрылысын қадағалады](https://pp.vk.me/c636126/v636126856/24eb3/AJKu5G3jyvc.jpg)

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/audan-basshysy-bilim-osha-taryny-rylysyn-ada-alady-706260](https://yvision.kz/kk/post/audan-basshysy-bilim-osha-taryny-rylysyn-ada-alady-706260)