---
title: "Ауған соғысында ерлік көрсеткен нәзік жандармен кездесу"
description: "Күн нұрынан жандарына нәр алған, Әйел-алау қызғалдақтай әр алуан. Әйел-аққу айдындарда таранған, Сұл..."
author: "CRMI"
published: "2016-03-04T04:47:06+00:00"
modified: "2016-03-04T04:47:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/au-an-so-ysynda-erlik-k-rsetken-n-zik-zhandarmen-kezdesu-681913"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/au-an-so-ysynda-erlik-k-rsetken-n-zik-zhandarmen-kezdesu-681913/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ауған соғысында ерлік көрсеткен нәзік жандармен кездесу

> Күн нұрынан жандарына нәр алған, Әйел-алау қызғалдақтай әр алуан. Әйел-аққу айдындарда таранған, Сұл...

Күн нұрынан жандарына нәр алған, Әйел-алау қызғалдақтай әр алуан. Әйел-аққу айдындарда таранған, Сұлулық пен нәзіктіктен жаралған.

Бүгін Жастар бастамаларын дамыту орталығында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 1979 және 1989 жыл аралығында Ауған соғысына қатысып, қызмет еткен нәзік жандармен кездесу өтті. Усембаева Айша Жұмашқызы, Наушева Айман Шакерқызы осы кездесуге арнайы шақырылды. Ханымдар соғыс кезінде медбикелік қызмет атқарған.

Павлодар теміржол колледжі, Бейсен Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі, Павлодар медициналық колледж студенттері белсене қатысып, әңгіме өрбітті. Сұхбат барысында ауған соғыс ардагерлері соғыстағы ауыр кездерін еске алып, алғаш көрсеткен жәрдемдерін айтып, студеттермен бөлісті.

![Ауған соғысында ерлік көрсеткен нәзік жандармен кездесу](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/4kz6Wctsd1adJC0zOPtI35mpWN8GW4.jpg)

Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі директорының орынбасары құттықтау лебізін жеткізіп, орталық қызметкері Бақыхан Оразбек нәзік жандарға әннен тарту етті. Жастар бастамаларын дамыту орталығынан құттықтау гүл шоқтары табысталды.Осы жандардың ерен еңбектері үшін алғысымыз шексіз.

![Ауған соғысында ерлік көрсеткен нәзік жандармен кездесу](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/auq30vF17tbo61gs40O0MvN3iuN9q8.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/au-an-so-ysynda-erlik-k-rsetken-n-zik-zhandarmen-kezdesu-681913](https://yvision.kz/kk/post/au-an-so-ysynda-erlik-k-rsetken-n-zik-zhandarmen-kezdesu-681913)