---
title: "Атыраулықтарға! Оқушыларға қайырымдылық көрсетейік!"
description: "Баршаңызға, сәлем! \"ААА\" деп аталатын астаналық еріктілер тобы Қасиетті Рамазан айтының және алғашқы..."
author: "temirrr"
published: "2011-08-27T01:19:26+00:00"
modified: "2011-08-28T13:24:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrauly-tar-a-o-ushylar-a-ayyrymdyly-k-rseteyik-187769"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrauly-tar-a-o-ushylar-a-ayyrymdyly-k-rseteyik-187769/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атыраулықтарға! Оқушыларға қайырымдылық көрсетейік!

> Баршаңызға, сәлем! "ААА" деп аталатын астаналық еріктілер тобы Қасиетті Рамазан айтының және алғашқы...

Баршаңызға, сәлем!

"ААА" деп аталатын астаналық еріктілер тобы Қасиетті **Рамазан айтының** және **алғашқы оқу жылының басында** өте бір [тамаша бастау](http://azh.kz/news/view/7220) жасап жатыр.

**Шараның мақсаты:** жағдайы төмен не мұқтаж отбасыларға қайырымдылық қолын созу және жаңа оқу жылына оқушыларды мектепке даярлау.

**Мен не істей аламын? **Сіз, осы аталған ұйымның мүшелері ұйымдастырған шараға бір кісідей атсалыса аласыз. Ол үшін мектепке, мектеп оқушысына қажетті оқу-құралдарын немесе өмірлік қажетті дүниелерді заттай апарсаңыз болады.

**Шараның өтетін орны және мезгілі:** Атырау (Ардагер) сауда орталығы, Бүгін барсақ, "Атырау" сауда орталығына қарсы орналасқан "Өнерпаз" тұрмыстық үйіне ауысып кетіпті. 28-29 тамыз, таңертеңгеңгі 11.00-ден кешкі 19.00-ге дейін.

**Анықтама телефондары:** 20-39-32, 8 701 925 26 14

**Шараға өз үлесін қосқысы келетіндерге: **aaa.atyrau@gmail.com

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atyrauly-tar-a-o-ushylar-a-ayyrymdyly-k-rseteyik-187769](https://yvision.kz/kk/post/atyrauly-tar-a-o-ushylar-a-ayyrymdyly-k-rseteyik-187769)