---
title: "Атыраулық спортшы кекушинкай каратэден әлем кубогын жеңіп алды"
description: "Атыраулық спортшы Бауыржан Күмісқалиев Жапонияда өткен «Гран – при 2013» жарысында кекушинкай кар..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-02-01T04:21:21+00:00"
modified: "2013-02-01T04:21:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrauly-sportshy-kekushinkay-karateden-lem-kubogyn-zhe-ip-aldy-317874"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrauly-sportshy-kekushinkay-karateden-lem-kubogyn-zhe-ip-aldy-317874/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атыраулық спортшы кекушинкай каратэден әлем кубогын жеңіп алды

> Атыраулық спортшы Бауыржан Күмісқалиев Жапонияда өткен «Гран – при 2013» жарысында кекушинкай кар...

[!\[Атыраулық спортшы кекушинкай каратэден әлем кубогын жеңіп алды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/02/359b02e812544c13a8e84946adc11b19.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/02/359b02e812544c13a8e84946adc11b19.jpg)

 

Атыраулық спортшы Бауыржан Күмісқалиев Жапонияда өткен «Гран – при 2013» жарысында кекушинкай каратэден өз салмақ дәрежесі бойынша Әлем кубогын жеңіп алды.

Жапонияда өткен әлем біріншілігіне 17 елден 650 каратэші қатысты.

Бауыржан 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша бес жекпе-жекте жеңіске жетті.

Күмісқалиев осы жарыста бірінші орын алған жалғыз қазақстандық спортшы. Оның алтын медаль алуының арқасында біздің ел жалпы командалық есепте Жапония мен Ресейден кейінгі үшінші орында тұр.

Қазақстандық спортшыларды кекушинкай каратэден Атырау облысының аға жаттықтырушысы Нұржан Кенжеболатов дайындады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atyrauly-sportshy-kekushinkay-karateden-lem-kubogyn-zhe-ip-aldy-317874](https://yvision.kz/kk/post/atyrauly-sportshy-kekushinkay-karateden-lem-kubogyn-zhe-ip-aldy-317874)