---
title: "Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж."
description: "Ол түні Атырауда боламын деп ойламаған ем. Мың айдан да қадірлі, Жәбірейіл адамдарға қызмет ететін к..."
author: "ernarito"
published: "2016-07-04T08:39:51+00:00"
modified: "2016-07-05T00:00:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrauda-y-adir-t-ni-fotoreportazh-700204"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrauda-y-adir-t-ni-fotoreportazh-700204/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж.

> Ол түні Атырауда боламын деп ойламаған ем. Мың айдан да қадірлі, Жәбірейіл адамдарға қызмет ететін к...

Ол түні Атырауда боламын деп ойламаған ем. Мың айдан да қадірлі, Жәбірейіл адамдарға қызмет ететін күні еліміздің батысында боламын деп ойламаған едім. Сәтіміз келіп, сапарымыз оңымыздан шығып осы бір қалаға жетіп қалдық.

Атыраудың орталық мешіті "Иманғали" деп аталады, Атыраудың қақ ортасынан орын алған бұл ғимараттың паркімен бірге алғандағы аумағы 10 мың шаршы метрге жуық, ал жекелей алғанда 1300 шаршы метр.

Биіктігі 23 метр болатын күмбезінің диаметрі 7 метр, екі жағынан 26 метр болатын екі мұнарасы бар. Исатай-Махамбет ескерткішінен 5 минуттық жолда, жан-жағы банктерге толы, қаланың орталық алаңында орналасқан.

![Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж.](https://storage.yvision.kz/images/user/ernarito/w67O92U4JE8liA0q8m2kBT3aqYTluY.jpg)

Уақыт түнгі 11-ден асқан сәтте бұл мешіт жаққа такси ұстап жетіп қалдық. Адамдардың көптігі таң қалдырды, алайда, мешіт ауласының әр сантиметрінде бір адам жүргендей көрінді маған.

![Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж.](https://storage.yvision.kz/images/user/ernarito/w5yQV9Uk93MCwLWv4PTtcW24m7GI2X.jpg)

Ер азаматтар кезектесіп, намаз оқуға асығуда. Алдыменен дәрет алу бөлмесіне, сондықтан, намаз оқып жатқан әйелдердің алдынан өтуге тура келеді.

![Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж.](https://storage.yvision.kz/images/user/ernarito/c70QR8615tjyD5sg6458mK41yClnw2.jpg)

Ер азаматтар намаз оқып жатыр, ол жаққа өтуге мүмкіндік жоқ.

![Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж.](https://storage.yvision.kz/images/user/ernarito/SmTGeQ3rdCPKsJ5d0out5Q3yKpftoa.jpg)

Мешіттің ауласы өте кішкентай, тұрғызылған үш киіз үйден артық салуға мүмкіндік жоқ. Тіккіңіз келсе де.

![Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж.](https://storage.yvision.kz/images/user/ernarito/Hhl3U6920E36600k2lyPdZSSkj7VR6.jpg)

Кәрісі мен кішісіне қарамастан намазға жығылған үммет.

![Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж.](https://storage.yvision.kz/images/user/ernarito/34t8qfh737aYnUZVTqIO3eB2gu03g0.jpg)

Аула сыртында, дәлірегі, оратлық алаңда, дәлірек айтсақ, жайнамаз ұстаған жандар көп. Мешіттің ішінен орын табылмағандықтан жамағатпен бірге намаз оқымасқа мешіт ауласымен оның жанындағы территорияда "жайғасады".

![Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж.](https://storage.yvision.kz/images/user/ernarito/gbVGy3kmHRaM91o93nkwK177U6Ilu6.jpg)

Аулы ішінде осындай қазандықтар орантылған. Сәресіне дайындалып жатыр. Ошақ басында жүрген еркектер.

![Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж.](https://storage.yvision.kz/images/user/ernarito/db3WNx45Rq728xfXwbBorpnYc0mo03.jpg)

Ас бар жерде балалар да бар, мына жігіт ағасына асарлатып жатыр.

![Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж.](https://storage.yvision.kz/images/user/ernarito/HC0KpEn68H8XWRE2d6f0h79p2ZK2nv.jpg)

Ет дайындалып жатыр. Сәресіне әлі 4 сағат бар.

![Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж.](https://storage.yvision.kz/images/user/ernarito/O9w5Fd66RQ4TkxZ5RlhyjX6AKkwx95.jpg)

Ошақ етті күтуде.

![Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж.](https://storage.yvision.kz/images/user/ernarito/ubTXMOd1B9oLRdBfyd1G629tEt7x5O.jpg)

Киіз үйлердің жақындығынан адамдардың кептелісі қатты білінуде. Бір жағы кіріп, бір жағы шыққанша көп уақыт кетеді.

![Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж.](https://storage.yvision.kz/images/user/ernarito/5CHbS0Z8PRGrBv0dlA1U5yr3yEYdTW.jpg)

Бұл адамдардың қазіргі таңда бір ғана ойлағаны бар...

![Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж.](https://storage.yvision.kz/images/user/ernarito/v2o0L836tbNzEyxnI0IomUtHoCG7iM.jpg)

Біреулерді күтіп жатыр.

![Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж.](https://storage.yvision.kz/images/user/ernarito/RVyXaV9EO4ct68imCVHWfkrBMNlT54.jpg)

Тарауық оқылып біткенше, шай да қайнап қалады.

![Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж.](https://storage.yvision.kz/images/user/ernarito/5l271ZiGBRRo0E9o8Sur61hkKKWyJP.jpg)

Мешіттің іші небәрі 600 адамға арналған. Салыстырып қарасақ, Алматы орталық мешіті 7000 адамды қабылдай алады, 10 000 адамдық Хазірет Сұлтан, Павлодардың Мәшһүр-Жүсіп мешіті 2000 ер адам мен 500 айел адамды қабылдай алады. Осы бір фитнес-орталықты алып тастап, мешіттің ғимаратын созса қалай болар еді.

![Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж.](https://storage.yvision.kz/images/user/ernarito/wlo13j22xZ21G0xl1aI5Xm474QqRN6.jpg)

Үлкен мешіттің қажеттілігі орталық алаңға шыққанда бірден көзге түседі. Тақия киіп, хиджабқа оранған Пайғамбар (с.ғ.с) үмметі көптеп серуен құруда.

![Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж.](https://storage.yvision.kz/images/user/ernarito/QySBdM5XUSSyQxPOPDm60G4YkqIAdI.jpg)

Құқық қорғаушылар өте аз көрінді алаңда. Осыған қарағанда, мешітте үлкен шенеуніктер жоқ-ау...

![Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж.](https://storage.yvision.kz/images/user/ernarito/53RQzjf18tEljZ119XsBl2db3mUfwH.jpg)

Бесігінен құранды үйретіп, жасының баласына намаз үйрететін, 200 мың қазағы мен шетелдік азаматтарға толы "мұнайлы астананың" мен көрген ислами әлемі осындай.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atyrauda-y-adir-t-ni-fotoreportazh-700204](https://yvision.kz/kk/post/atyrauda-y-adir-t-ni-fotoreportazh-700204)