---
title: "Атырауда тегін Wi-Fi"
description: "Бүгін, қыркүйектің 12-сі күні, Атырау қаласының халқы үшін жағымды жаңалық болды. BNews.kz агенттігі..."
author: "temirrr"
published: "2011-09-12T06:30:14+00:00"
modified: "2011-09-12T06:30:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrauda-tegin-wi-fi-191727"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrauda-tegin-wi-fi-191727/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атырауда тегін Wi-Fi

> Бүгін, қыркүйектің 12-сі күні, Атырау қаласының халқы үшін жағымды жаңалық болды. BNews.kz агенттігі...

Бүгін, қыркүйектің 12-сі күні, Атырау қаласының халқы үшін жағымды жаңалық болды. [BNews.kz агенттігінің хабарлауынша](http://www.bnews.kz/ru/news/post/58157/?utm_source=bnews&utm_medium=twitter), Исатай-Махамбет орталық алаңы және қала ішіндегі өзге де халық көп шоғырланатын алаңдарда (Құрманғазы, Өзен жағасы, "Атырау" сауда орталығы, облыстық-қалалық әкімшілік аллеясы, Д.Нұрпейісова алаңы, Жеңіс саябағы, "Жилгородок" саябағы) тегін сымсыз Интернет желісі (Wi-Fi) қосылды.

"Қазақтелеком" және облыстық әкімшілік мұрындық болған бұл іс ҚР Президентінің арнайы тапсырмасы бойынша атқарылып отыр екен. (Демек Қазақстанда Н.Назарбаев айтпаса, тапсырма бермесе, ешкім халық үшін ештеңе істемейді).

Ал, халайық, пайдаланыңыздар! Құттықтаймын! :)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atyrauda-tegin-wi-fi-191727](https://yvision.kz/kk/post/atyrauda-tegin-wi-fi-191727)