---
title: "Атырауда «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды"
description: "Салтанат сарайы ғимаратының тұрағында облыстағы төтенше жағдайда шұғыл әрекет ету мекемелерінің қысқа дайындығы тексерілді,- деп хабар?..."
author: "journalist_n"
published: "2024-11-21T11:01:29+00:00"
modified: "2024-11-21T11:01:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrauda-kys-2024-respublikalyk-komandalyk-shtabtyk-oku-zhattyguy-bastaldy-1010071"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrauda-kys-2024-respublikalyk-komandalyk-shtabtyk-oku-zhattyguy-bastaldy-1010071/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атырауда «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

> Салтанат сарайы ғимаратының тұрағында облыстағы төтенше жағдайда шұғыл әрекет ету мекемелерінің қысқа дайындығы тексерілді,- деп хабар?...

**Салтанат сарайы ғимаратының тұрағында облыстағы төтенше жағдайда шұғыл әрекет ету мекемелерінің қысқа дайындығы тексерілді,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.** ![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/bee15ebc43eed3c9284669001347c34b.jpg?width=800&height=800) Дәстүрлі жиынға облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, авариялық құтқару мекемелеріне жеке-жеке барып, құрал-саймандармен, арнайы техникалармен танысты. Күрделі метрологиялық жағдай туралы Атырау қаласы мен барлық ауданда сағат 11:00-де сирена ойнап, төтенше жағдайлар департаментінде оқу-жаттығудың жедел штабы құрылды. Қазір «Дабыл-1001», «Қарғын-2002», «Үзіліс-3003» сигналы бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда. Оқу-жаттығудың практикалық бөлімі 22 қарашада «Атырау облысы Су Арнасы» КМК аумағында және республикалық маңызы бар «Атырау-Орал» тас жолы бойында өтеді. Жалпы оқу-жаттығуға барлығы 252 жеке құрам және 131 бірлік техника қатысып жатыр. Облыста қысқы мезгілге 281 техника мен 14 968 тонна инертті материал дайын. Екі күндік оқу-жаттығуға қатысушылар тіршілікті қамтамасыз ету нысандарында қысқы мезгілде төтенше жағдайды жою үшін арнайы-тактикалық жаттығулар өткізіледі. Жедел-құтқару қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру, тез әрекет ету жұмыстары пысықталады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atyrauda-kys-2024-respublikalyk-komandalyk-shtabtyk-oku-zhattyguy-bastaldy-1010071](https://yvision.kz/kk/post/atyrauda-kys-2024-respublikalyk-komandalyk-shtabtyk-oku-zhattyguy-bastaldy-1010071)