---
title: "Атырауда Еңбек, әлеуметтік қорғау және қөші-қон Комитетінің қызметкерлеріне әлеуметтік тест өткізілді."
description: "Ағымдағы жылғы 2 қыркүйекте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағытының шеңберінде ..."
author: "anticorruptionatyrau"
published: "2015-10-15T07:04:09+00:00"
modified: "2015-10-15T07:04:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrauda-e-bek-leumettik-or-au-zh-ne-shi-on-komitetini-yzmetkerlerine-leumettik-test-tkizildi-584529"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrauda-e-bek-leumettik-or-au-zh-ne-shi-on-komitetini-yzmetkerlerine-leumettik-test-tkizildi-584529/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атырауда Еңбек, әлеуметтік қорғау және қөші-қон Комитетінің қызметкерлеріне әлеуметтік тест өткізілді.

> Ағымдағы жылғы 2 қыркүйекте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағытының шеңберінде ...

Ағымдағы жылғы 2 қыркүйекте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағытының шеңберінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті *(бұдан әрі – Департамент)* өкілдері Еңбек, әлеуметтік қорғау және қөші-қон Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлеріне дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында 2015-2025 жылдарға арналған Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия мақсаты мен міндеттерін, сонымен қата 5 реформаның «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жөнінде мағлұмат берілді.

Бұдан басқа, Департаменттің басты мақсаты – азаматтардың сеніміне көп көңіл бөлінді. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында өздерінің ұсыныстарын айтты.

Сондай-ақ, қатысушылар сыбайлас жемқорлық қылмысының халықаралық тәжірибесі туралы белсенді пікір алмасты. Ашық диалог ретінде өткен дөңгелек үстелде барлық сұрақтарға жауап берілді.

Шараның соңында әлеуметтік тест өткізіліп, сыбайлас жемқорлық бағытында жадынамалар таратылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atyrauda-e-bek-leumettik-or-au-zh-ne-shi-on-komitetini-yzmetkerlerine-leumettik-test-tkizildi-584529](https://yvision.kz/kk/post/atyrauda-e-bek-leumettik-or-au-zh-ne-shi-on-komitetini-yzmetkerlerine-leumettik-test-tkizildi-584529)