---
title: "Атырауда қатты желден электр бағаналары құлады"
description: "Атырауда қатты желден электр бағаналары құлады"
author: "orazali"
published: "2024-06-26T03:57:04+00:00"
modified: "2024-06-26T03:57:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrauda-atty-zhelden-elektr-ba-analary-lady-1005988"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrauda-atty-zhelden-elektr-ba-analary-lady-1005988/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атырауда қатты желден электр бағаналары құлады

25 маусым күні сағат 21:30 шамасында Гагарин көшесі мен Байтұрсынов көшесі қиылысында желдің қатты жылдамдығы әсерінен электр желісіндегі 3 бағана құлады.

Сол себептен аймақтың кей бөлігінде жарық жоқ. Осыған байланысты жедел түрде бригада ұйымдастырылып, электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Толықтай электр жарығын қосу уақыты қосымша хабарланады.

https://t.me/atyraujaryk

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atyrauda-atty-zhelden-elektr-ba-analary-lady-1005988](https://yvision.kz/kk/post/atyrauda-atty-zhelden-elektr-ba-analary-lady-1005988)