---
title: "Атырау Велошеруі — 2013"
description: "Еліміздің мұнайлы астанасында өткен \"Атырау Велошеруі-2013\" шарасына қысқаша шолу жасап көрейік. Шар..."
author: "UrbanistKyz"
published: "2014-01-25T09:13:57+00:00"
modified: "2014-01-25T09:34:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-velosherui-2013-397361"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-velosherui-2013-397361/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атырау Велошеруі — 2013

> Еліміздің мұнайлы астанасында өткен "Атырау Велошеруі-2013" шарасына қысқаша шолу жасап көрейік. Шар...

Еліміздің мұнайлы астанасында өткен "Атырау Велошеруі-2013" шарасына қысқаша шолу жасап көрейік.

Шараның егжей-тегжейі:
- Өткен орны: Атырау қ.,

- Күні мен уақыты: Қазан айының 5-і, Сенбі, таңғы 11.00

- Қашықтығы: 7,64 км

- Бастауы: Жеңіс саябағындағы «Мәңгілік Оты»

- Мәре: Облыстық әкімшілігінің бет жағындағы алаңы.

Шараны ұйымдастырған бір топ қалалық активисттері болатын. Ұйымның фейсбуктегі онлайн-қоғамында 150-ден астам оқырманы бар. Құрамы жағынан басым көпшілігі - Атырау қаласының тұрғындары болса, қалған үлесі - Астана, Алматы, Ақтау, Орал, Қарағанды қалаларынан. Ұйымның ресми атауы Kazakhstani Urban Planners: Қазақстан қала құрастырушылары мен урбанисттері.

Велошерудің мақсаты - велосипедті пайдалы әрі экологиялық таза қала транспорты ретінде кеңінен насихаттау, экологиялық сана-сезімді қалыптастыру, велосипедшілерді жүруге қауіпсіз және қолайлы жол бағдарымен таныстыру деп жоспарланды.

"Атыраудың 300 велосипедшіcінің басын қосайық!" - шерудің ресми слоганы тағайындалған болса, хэштэгі - "velosheru"-ден "atyraucycling"-ге дейін түрленіп отырды.

Шараның фейсбуктегі парақшасын келесі сілтеме арқылы көруге болады: [https://www.facebook.com/atyraucycling](https://www.facebook.com/atyraucycling)

![Атырау Велошеруі](https://storage.yvision.kz/images/user/urbanistkyz/s5VhRvvkKEz2199wktW2USLNTh5X8N.jpg)

![Атырау Велошеруі — 2013](https://storage.yvision.kz/images/user/urbanistkyz/lwoL6858o8BvMVfd6GMwHYwvpCm4CY.jpg)

![Атырау Велошеруі — 2013](https://storage.yvision.kz/images/user/urbanistkyz/jHe482bKXumZbHNYK5y7lvD4L4DSw0.jpg)

![Атырау Велошеруі — 2013](https://storage.yvision.kz/images/user/urbanistkyz/HB2ert2bAc8xyQ7IQp2FvWhFwHGzn5.jpg)

![Атырау Велошеруі — 2013](https://storage.yvision.kz/images/user/urbanistkyz/N5J01W1s3Za67MKlQ421k399xJsz3F.jpg)

![Атырау Велошеруі — 2013](https://storage.yvision.kz/images/user/urbanistkyz/GDvsA5R6ni9mJ2FKB1j8tAYgZAol6o.jpg)

![Атырау Велошеруі — 2013](https://storage.yvision.kz/images/user/urbanistkyz/0pbMcIQY5MPvXEfY20wS2Ui51mu0wv.jpg)

![Атырау Велошеруі — 2013](https://storage.yvision.kz/images/user/urbanistkyz/68dnI96UIg0133yPj2yD3exBxvW7j0.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atyrau-velosherui-2013-397361](https://yvision.kz/kk/post/atyrau-velosherui-2013-397361)