---
title: "Атырау облысының екі тұрғыны заңсыз 36 кг астам балық аулады"
description: "Атырау облысының екі тұрғыны заңсыз 36 кг астам балық аулады «Бекіре – 2015» балық қорғау акциясы ая..."
author: "msh"
published: "2015-05-12T23:02:00+00:00"
modified: "2015-05-12T23:02:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysyny-eki-t-r-yny-za-syz-36-kg-astam-baly-aulady-500725"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysyny-eki-t-r-yny-za-syz-36-kg-astam-baly-aulady-500725/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атырау облысының екі тұрғыны заңсыз 36 кг астам балық аулады

> Атырау облысының екі тұрғыны заңсыз 36 кг астам балық аулады «Бекіре – 2015» балық қорғау акциясы ая...

![Атырау облысының екі тұрғыны заңсыз 36 кг астам балық аулады](https://storage.yvision.kz/images/user/msh/x0kQacvKb2Pd42HnYCeB12skASg1cv.jpg)

Атырау облысының екі тұрғыны заңсыз 36 кг астам балық аулады «Бекіре – 2015» балық қорғау акциясы аясында ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Атырау облыстық инспекциясының қызметкерлері рейдтік іс-шара барысында Жайық өзенінде қайықты басқарған Құрманғазы ауданының екі тұрғыны тоқтатылды. Қайықты тексерген кезде 27 кг сазан, 9 кг астам уылдырығы бар шоқыр балығы мен ау анықталды. Алынған балық мемлекеттік монополия субъектісі ретінде Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытына өткізілді. Осы факті бойынша материалдар құқық қорғау органына жолданды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі +7 (7172) 55-57-65 E: minagripress@gmail.com W: www.minagri.gov.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysyny-eki-t-r-yny-za-syz-36-kg-astam-baly-aulady-500725](https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysyny-eki-t-r-yny-za-syz-36-kg-astam-baly-aulady-500725)