---
title: "Атырау облысында Жайықтың су деңгейі күн санап..."
description: "Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Жайық өзенінің ағысымен Каспийге қарай төмен түсіп, қорғаныс бөгендерін көзбен шолып тексерді. Атырау облысында су тасқынына қарсы үйінді бөгендер Жайық өзенінің арнасынан шығуын тежейді. ҚР ТЖМ..."
author: "orazali"
published: "2024-05-12T05:30:39+00:00"
modified: "2024-05-12T07:11:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-zhayy-ty-su-de-geyi-k-n-sanap-k-terilip-zhatyr-1004506"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-zhayy-ty-su-de-geyi-k-n-sanap-k-terilip-zhatyr-1004506/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атырау облысында Жайықтың су деңгейі күн санап...

> Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Жайық өзенінің ағысымен Каспийге қарай төмен түсіп, қорғаныс бөгендерін көзбен шолып тексерді. Атырау облысында су тасқынына қарсы үйінді бөгендер Жайық өзенінің арнасынан шығуын тежейді. ҚР ТЖМ...

*Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Жайық өзенінің ағысымен Каспийге қарай төмен түсіп, қорғаныс бөгендерін көзбен шолып тексерді.*

Атырау облысында су тасқынына қарсы үйінді бөгендер Жайық өзенінің арнасынан шығуын тежейді. ҚР ТЖМ құтқарушылары тәулік бойы Қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне мониторинг жүргізуде.

Соңғы 5 күн ішінде аймаққа су келуде. "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 12 мамыр сағат 09-00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі:

Атырау - 538 см. Тәулігіне + 5 см.

Индербор ауданы 1033 см. Тәулігіне +7 см.

Махамбет ауданы 955 см. Тәулігіне +16 см.

Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бөкеттерінде деңгей шектік белгіден асып түсті. Одан әрі артады деп күтілуде.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-zhayy-ty-su-de-geyi-k-n-sanap-k-terilip-zhatyr-1004506](https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-zhayy-ty-su-de-geyi-k-n-sanap-k-terilip-zhatyr-1004506)