---
title: "Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам көз жұмды"
description: "16 шілде күні сағат 15:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 82-шақырым тұсында \"Chevrolet C..."
author: "elge.zhaqyn"
published: "2023-07-18T08:16:10+00:00"
modified: "2023-07-18T08:16:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-zhant-rshigerlik-zhol-apatynan-7-adam-k-z-zh-mdy-991714"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-zhant-rshigerlik-zhol-apatynan-7-adam-k-z-zh-mdy-991714/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам көз жұмды

> 16 шілде күні сағат 15:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 82-шақырым тұсында "Chevrolet C...

![Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам көз жұмды](https://storage.yvision.kz/images/user/573964/99ea484a777d29c64bfc2e5304c7d4.png)

16 шілде күні сағат 15:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 82-шақырым тұсында "Chevrolet Cobalt" маркалы автокөлік қарсы бағытта келе жатқан Toyota Ipsum автокөлігіне соқтығысқан.

Салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 1 жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, түрлі дене жарақатын алған 2 жолаушысы Жылыой аудандық ауруханаға жеткізілді.

"Аталған екі автокөліктің жүргізушілері бұрын бірнеше рет көлік жылдамдығын шамадан тыс арттырғаны үшін жауапқа тартылғаны анықталды", - деді Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік ротасының командирі полиция капитаны Әділбек Шахметов.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-zhant-rshigerlik-zhol-apatynan-7-adam-k-z-zh-mdy-991714](https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-zhant-rshigerlik-zhol-apatynan-7-adam-k-z-zh-mdy-991714)