---
title: "Атырау облысында Тәртіптік кеңес отырысы өткізілді"
description: "2015 жығы 17 маусымда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіг..."
author: "anticorruptionatyrau"
published: "2015-06-17T07:26:21+00:00"
modified: "2015-06-17T07:26:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-t-rtiptik-ke-es-otyrysy-tkizildi-514127"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-t-rtiptik-ke-es-otyrysy-tkizildi-514127/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атырау облысында Тәртіптік кеңес отырысы өткізілді

> 2015 жығы 17 маусымда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіг...

2015 жығы 17 маусымда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысындағы Тәртіптік кеңес отырысы өткізілді.

Тәртіптік кеңес отырысында 5 мәселе қаралды.

Күн тәртібіне сәйкес Құрманғазы ауданы әкімі А.Қ. Барақатовтың 2014 және 2015 жылғы І тоқсанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы атқарылған жұмыстары және аудандық тәртіптік комиссияның жұмысы туралы есебі тыңдалды.

Тәртіптік кеңес Құрманғазы ауданының әкіміне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын жүзеге асыруды күшейтуге бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізді.

Кейін, Исатай аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Е.Дүйсеновке қатысты тәртіптік іс қаралды.

Исатай ауданының әкіміне Қазақстан Республикасының Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Заң талаптарын бұзғаны үшін Исатай аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Е.Дүйсеновке тиісті тәртіптік жаза қолданып, кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, қатаң бақылауға алу ұсынылды.

Бұдан басқа, Құрманғазы аудан

![Атырау облысында Тәртіптік кеңес отырысы өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionatyrau/J5Gxkar3G90yk2VLE6lAeWW1Df8k6Y.jpg)

ының Ш.Уәлиханов, Г.Алипова, Шортанбай, Панфилов, Ы.Алтынсарин, Абай, Гоголь, Ә.Сәрсенбаев атындағы орта мектеп директорлары мен Крупская орта мектебінің тәрие ісі жөніндегі орынбасарына жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасағандары үшін тәртіптік істері қаралып, аудандық білім бөліміне мектеп директорларын қызметінен төмендету түріндегі тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыным енгізілді.

«Құрманғазы аудандық ветеринария стансасы» КМК-ның қызметкерлерінің ұжымдық өтініштері негізінде Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімінің басшысына қатысты тәртіптік іс, яғни мемлекеттік қызметші бола тұра, сөз сөйлеу мәнерін сақтамай, «Құрманғазы аудандық ветеринария станциясы» кәсіпорын қызметкерлерінің ар-намыстарына тиетін сөздер айтып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексін талаптарын бұзған.

Тексеріс нәтижесі бойынша, Тәртіптік кеңес мүшелері Ветеринария бөлімінің басшысына тиісті тәртіптік жаза қолдану туралы Құрманғазы ауданының әкіміне ұсыным берді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-t-rtiptik-ke-es-otyrysy-tkizildi-514127](https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-t-rtiptik-ke-es-otyrysy-tkizildi-514127)