---
title: "Атырау облысында құтқарушы жұмыс барысында көз жұмды"
description: "Өрт сөндіру қызметкері Құлсарыда су сору жұмыстары кезінде қайтыс болған. \"29 мамырда Атырау облысы Жылой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Атырау облысы ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру..."
author: "orazali"
published: "2024-05-30T04:02:55+00:00"
modified: "2024-05-30T04:02:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-t-arushy-zh-mys-barysynda-k-z-zh-mdy-1005114"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-t-arushy-zh-mys-barysynda-k-z-zh-mdy-1005114/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атырау облысында құтқарушы жұмыс барысында көз жұмды

> Өрт сөндіру қызметкері Құлсарыда су сору жұмыстары кезінде қайтыс болған. "29 мамырда Атырау облысы Жылой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Атырау облысы ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру...

*Өрт сөндіру қызметкері Құлсарыда су сору жұмыстары кезінде қайтыс болған.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/1d47f0037fb49d476848404ec5018f.png)

"29 мамырда Атырау облысы Жылой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Атырау облысы ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі 2001 ж.т. азаматтық қорғау сержанты Бейбарыс Жалғасбайұлы Рақым қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп жазылды Төтенше жағдайлар министрлігінің [Telegram-арнасында](https://web.telegram.org/a/#-1001164375032). Сондай-ақ онда қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетілетіні айтылған.

"Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол өз ісінің кәсіби маманы ретінде есімізде мәңгі қалады", - делінген хабарламада.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-t-arushy-zh-mys-barysynda-k-z-zh-mdy-1005114](https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-t-arushy-zh-mys-barysynda-k-z-zh-mdy-1005114)