---
title: "Атырау облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің құқықтық механизмі» тақырыбында студенттер арасында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді."
description: "2015 жылғы 25 қарашада 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге..."
author: "anticorruptionatyrau"
published: "2015-12-01T22:47:08+00:00"
modified: "2015-12-01T22:47:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-k-resudi-y-ty-mehanizmi-ta-yrybynda-studentter-arasynda-y-664887"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-k-resudi-y-ty-mehanizmi-ta-yrybynda-studentter-arasynda-y-664887/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атырау облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің құқықтық механизмі» тақырыбында студенттер арасында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

> 2015 жылғы 25 қарашада 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге...

![Атырау облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің құқықтық механизмі» тақырыбында студенттер арасында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionatyrau/PrSYz5dEBV4w5kS71wuAI1Er6elMd1.jpg)

2015 жылғы 25 қарашада 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау Бизнес және құқық колледжінің оқытушыларымен бірлесіп «**Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің құқықтық механизмі**» тақырыбында студенттер арасында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Құттықтау сөзімен департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес Төрағасы Мұхит Кәрімұлы Избанов сөз сөйледі.

Өзінің сөз сөйлеу барысында М.К.Избанов 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылуы және Елбасымен белгіленген бес институционалды реформа жөнінде қатысушыларды хабардар етті.

Конференцияға қатысуға 20 жуық баяндамалар түсіп, оның 12-і қорғалды.

Барлық баяндамалар тындалғаннан кейін, қатысушылардың қозғалған мәселелер жөнінде жалпы пікір алмасу өтті. Пікір алмасу барысында ашықтық пен зеректік танытқан бір-біріне қарама қайшы ойлар туындап, студенттердің конференцияда қозғалған мәселелерге бей-жай қарамағандығы көрінді. Бірқатар студенттер өздерінің ойларын айтып қана қоймай, бұл жағымсыз құбылысты жоюға қатысуға ұмтылыстарын көрсете отыра, әртүрлі ұсыныстарын айтты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-k-resudi-y-ty-mehanizmi-ta-yrybynda-studentter-arasynda-y-664887](https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-k-resudi-y-ty-mehanizmi-ta-yrybynda-studentter-arasynda-y-664887)