---
title: "Атырау облысында кәсіпкерлікті қорғау шаралары жүргізілуде"
description: "Ағымдағы жылғы 30 шілдеде «Облыс кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы і..."
author: "finpol"
published: "2014-08-01T23:58:17+00:00"
modified: "2014-08-01T23:58:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-k-sipkerlikti-or-au-sharalary-zh-rgizilude-423771"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-k-sipkerlikti-or-au-sharalary-zh-rgizilude-423771/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атырау облысында кәсіпкерлікті қорғау шаралары жүргізілуде

> Ағымдағы жылғы 30 шілдеде «Облыс кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы і...

Ағымдағы жылғы 30 шілдеде «Облыс кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары» атты тақырыпта «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Қоғамдық кеңеске Атырау облысы бойынша құқық қорғау органдары, соның ішінде облыстық Прокуратура, Қаржы полициясы департаментінің, сонымен қатар Салық департаменті мен Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Атырау облысы бойынша ЭСЖҚД бастығының орынбасары З.К.Заңқанов «Атырау облысы бойынша ЭСЖҚД-нің 2014 жылғы 6 айдағы жемқорлық саласы бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері туралы» баяндама жасады.

Бұдан басқа, кәсіпкерлік қызметтегі заңдылықтарды қолдануда, кәсіпкерлік субьектілерін тексеру тәртібінде кездесетін проблемалық мәселелер, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының заңды кәсіпкерлікке кедергі келтіруін болдырмауда алынып жатқан шаралар мен өзекті мәселелері талқыланды.Нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың бұзылуын алдын алу, мемлекеттік органдардағы, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару басқармаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мемлекет саясатының жетілдіруін, сыбайлас жемқорлық туғызатын жағдайлар мен себептерін жоюға, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және жемқорлық көріністеріне төзімсіздікті қалыптастыруға бағытталған қосымша шаралар қабылдау қажеттілігі айтылды. Қабылданып жатқан шаралар облыста сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтып, азаматтық қоғаммен өзара байланысты жақсартып, кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған шаралардың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-k-sipkerlikti-or-au-sharalary-zh-rgizilude-423771](https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-k-sipkerlikti-or-au-sharalary-zh-rgizilude-423771)