---
title: "Атырау облысында да мектептерді дүрліктіретін..."
description: "Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД АТО бөлімімен бірлесіп осы аймақтағы бір мектептің тоғызыншы сынып оқушысының әрекетін әшкереледі. Жасөспірім анонимді Telegram-арна ашып, онда 21 сәуір күні Индер..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-04-19T12:45:39+00:00"
modified: "2024-04-19T12:45:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-da-mektepterdi-d-rliktiretin-habarlama-tarady-1003717"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-da-mektepterdi-d-rliktiretin-habarlama-tarady-1003717/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атырау облысында да мектептерді дүрліктіретін...

> Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД АТО бөлімімен бірлесіп осы аймақтағы бір мектептің тоғызыншы сынып оқушысының әрекетін әшкереледі. Жасөспірім анонимді Telegram-арна ашып, онда 21 сәуір күні Индер...

*Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД АТО бөлімімен бірлесіп осы аймақтағы бір мектептің тоғызыншы сынып оқушысының әрекетін әшкереледі.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/1392ed4a030bcaa1b04835888cbfb0.jpg)

Жасөспірім анонимді Telegram-арна ашып, онда 21 сәуір күні Индер ауданындағы мектептерде лаңкестік әрекет жасалатыны туралы хабарлама жариялаған.

Жазбамен бірге интернеттен жүктеп алған қарудың суретін салған.

Қазіргі уақытта оның осындай басқа да Telegram-арналар құруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды (Polisia.kz).

Айта кетейік, лаңкестік әрекет дайындалып жатқаны туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Біз бұрынырақ мессенджерлерде, оның ішінде Telegram-да Астанаға қатысты "19 сәуірде ол мектептерге кіріп, балаларды өлтіруге дайын" деген [ақпарат тарағанын](https://yvision.kz/kk/post/astanada-mektep-o-ushylaryna-auip-t-ndi-me-1003683) хабарлағанбыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-da-mektepterdi-d-rliktiretin-habarlama-tarady-1003717](https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-da-mektepterdi-d-rliktiretin-habarlama-tarady-1003717)