---
title: "Атырау облысында білім беру мекемелері қашықтан..."
description: "Атырау облысында мектептер мен колледждердің барлығында сабақ онлайн форматта өткізіледі. Балабақшалардағы жұмыс та осындай режимге көшеді. Көрнекі фото: egemen.kz Атырау облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы орта..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-04-07T11:50:48+00:00"
modified: "2024-04-07T11:53:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-bilim-beru-mekemeleri-ashy-tan-o-ytu-a-k-shedi-1003091"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-bilim-beru-mekemeleri-ashy-tan-o-ytu-a-k-shedi-1003091/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атырау облысында білім беру мекемелері қашықтан...

> Атырау облысында мектептер мен колледждердің барлығында сабақ онлайн форматта өткізіледі. Балабақшалардағы жұмыс та осындай режимге көшеді. Көрнекі фото: egemen.kz Атырау облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы орта...

Атырау облысында мектептер мен колледждердің барлығында сабақ онлайн форматта өткізіледі. Балабақшалардағы жұмыс та осындай режимге көшеді.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/8ea093b8dc9f43b0e54bc9dd0006dd.jpg)

Көрнекі фото: egemen.kz

Атырау облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы орта білім беретін 204 мектеп, 24 колледж, 334 балабақша бар.

«Мектептердің 204-і мемлекеттік, ал, 20-сы жекеменшіктің иелігімен ашылған. Төтенше жағдай жариялануына байланысты 8 сәуірден бастап барлық білім беру мекемесі онлайн режимге көшеді. Өңірдегі колледждерде де сабақ онлайн форматта өтеді. Ал балабақшалар қашықтан жұмыс істейді», - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, бүгін Атырау облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды.

kaz.inform.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-bilim-beru-mekemeleri-ashy-tan-o-ytu-a-k-shedi-1003091](https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysynda-bilim-beru-mekemeleri-ashy-tan-o-ytu-a-k-shedi-1003091)