---
title: "Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды"
description: "23 қазан күні Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Дарын Дүйсембайұлы Шамұратов Атырау ..."
author: "journalist_n"
published: "2024-10-23T09:40:46+00:00"
modified: "2024-10-23T09:40:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysy-akiminin-orynbasary-tagayyndaldy-1008063"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysy-akiminin-orynbasary-tagayyndaldy-1008063/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

> 23 қазан күні Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Дарын Дүйсембайұлы Шамұратов Атырау ...

**23 қазан күні Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Дарын Дүйсембайұлы Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.** ![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/924b38acfa0285121788f27dfbc8fc4f.jpg?width=1280&height=1280) Дарын Шамұратов М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «география» мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті «қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілі: 02.2009-05.2009 жылдар аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманның міндетін уақытша атқарушы 05.2009-12.2009 жылдар аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 12.2009-09.2012 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы 09.2012-25.10.2012 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі 10.2012-08.2017 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы 08.2017-04.2021 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімінің аппараты, аудан әкімінің орынбасары; 04.2021- 09.2022 жылдар аралығында Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Тағайындалғанға дейін Индер ауданының әкімі лауазымын атқарды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysy-akiminin-orynbasary-tagayyndaldy-1008063](https://yvision.kz/kk/post/atyrau-oblysy-akiminin-orynbasary-tagayyndaldy-1008063)