---
title: "Атырау -мұнай мен өндірістің астанасы"
description: "Индустриялды жаңа бастамалар мен құлашын кеңге жайған ірі кәсіпорындарға бағыталған. Бұл бастаманың ..."
author: "fabledfourFF"
published: "2014-07-04T11:56:07+00:00"
modified: "2014-07-04T14:38:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-m-nay-men-ndiristi-astanasy-420170"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-m-nay-men-ndiristi-astanasy-420170/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атырау -мұнай мен өндірістің астанасы

> Индустриялды жаңа бастамалар мен құлашын кеңге жайған ірі кәсіпорындарға бағыталған. Бұл бастаманың ...

Индустриялды жаңа бастамалар мен құлашын кеңге жайған ірі кәсіпорындарға бағыталған. Бұл бастаманың да маңызы жоғары. Ел басшымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2050» стартегиясында атап өткендей, жаңа онжылдыққа аяқ басқан кезеніңде, ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманыңда индустрияландыруға мол серпіліс беруіміз керек.Осыған орай сапарымыздың екінші күнінде Атыраудағы өндіріс кешендерімен жақын таныстық.

Атырау қаласы – мұңайлы өлке. Бұл жердегі барлық зауыттардың мақсаты да, шығаратын өнімдері де дәл осы салаға байланысты.Солардың бірі «АтырауНефтеМаш».

«АтырауНефтеМаш» - Қазақстандық нарықта 10 жылдам астам машина жасау бағыты бойынша сенімді даму үстінде. Негізінен бұл зауыт мұңай өңдеуге арналған құралдарды өндіріп шығарады. Болашақта бұл зауытты халықаралық аренада көреміз деген сенімдемін.

![Атырау -мұнай мен өндірістің астанасы](https://storage.yvision.kz/images/user/fabledfourff/NKnUzwlKbhPr7dnqz01Cxk4gdxDoVq.jpg)

Келесі ірі нысан - «BRANDO» отандық шприц шығаратын медициналық өндіріс орны жәнете оның келесі нысанасы бір реттік медициналық қолғап шығарумен айналысады. Барлық өнімдер заманауи техникалармен өндірілуде. Нәтижесінде,бүгінгі таңда Атырауда жасалған деген таңбасы бар медициналық өнімдер еліміздің түкпір – түкпіріне жеткізіледі.

![Атырау -мұнай мен өндірістің астанасы](https://storage.yvision.kz/images/user/fabledfourff/NtaP500T3VAQg9IJKfoKeRh5dPA8oI.jpg)

Танымды өнекәсіптердің келесі бірі,еліміздегі жетекші мұнай өндеу зауыты - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ. Атырау мұнай өңдеу зауыты - мұнай өнімдерін шығаратын кәсіпорын.Бұл өнеркәсіп орнында 3000-ға жуық жұмыс күшімен қамтамасыз етілген,бұдан аңғаратынымыз АМӨЗ үлкен сұраныстарға ие.

Соңғы болғанына қарамастан жаңалыққа толы кәсіпорындарының бірі «Атырау бекіре балық зауыты».Бұл жерде қазіргі таңда қоғам әсерінен жойылып бара жатқан бекіре балықтарының санын артыру мақсатында өз жұмысын жүргізіп келеді.Өндіріс орнында бекіре балықтарын жасанды жолмен көбейтуде.Біздің ойымызша бұл табиғи жойылуды тоқтатудың бірде бір сара жолы.

Бүгінгі танымды сапарымызды түйіндей келе, «Қазақстан индустриялық – технологиялық дамуы – біздің болашағымыз үшін» деген Елбасшымыздың сөзімен түйіндегім келеді.

Барлық ғылыми бағыттағы экспедициялврға қарамастан,біз көңіл көтеріп,күнімізді қызықты нүктемен аяқтадық. Бұған бізге көмектескен Атырау қаласындағы НЗМ-нің өнерлі де,көңілді ұстаздары. Осындай жарқын сәттер келесі күнде де жалғасын табады деген үмітеміз

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atyrau-m-nay-men-ndiristi-astanasy-420170](https://yvision.kz/kk/post/atyrau-m-nay-men-ndiristi-astanasy-420170)