---
title: "«Атырау» – «Ақтөбе»: 0 – 2"
description: "Бүгін «Атырау» футбол клубы өз алаңында «Ақтөбемен» кездесті. Премьер-Лиганың 22-айналымындағы жарыс..."
author: "elimai"
published: "2015-07-26T22:32:36+00:00"
modified: "2015-07-26T22:32:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-a-t-be-0-2-525016"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyrau-a-t-be-0-2-525016/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Атырау» – «Ақтөбе»: 0 – 2

> Бүгін «Атырау» футбол клубы өз алаңында «Ақтөбемен» кездесті. Премьер-Лиганың 22-айналымындағы жарыс...

### Бүгін «Атырау» футбол клубы өз алаңында «Ақтөбемен» кездесті. Премьер-Лиганың 22-айналымындағы жарыста алаң иесі 0-2 есебімен ұтылып қалды.

![«Атырау» – «Ақтөбе»: 0 – 2](http://el.kz/media/images/tiny_images/1a490c2bc95b63b9bbbf0e73e00b8b0a.jpg)

Ойынның тоғызыншы минутында ақтөбелік Сергей Хижиненко алғашқы гол соқты. Бірінші тайм 0-1 есебімен аяқталды.

Ойынның 46-минутында Маркос Пизелли соққан доп Атырау қақпасына дәл тиді. Атыраулық ойыншылар есепті теңестіруге қанша талпынғанымен, ойын 0-2 есебімен, Ақтөбенің жеңісімен аяқталды. «Ақтөбе» футбол клубы жанкүйерлерінің қуанышында шек болған жоқ. Олардың айтуынша, «Ақтөбе» енді-енді командалық ойын көрсете бастапты.

Sports.kz спорттық порталының мәліметінше, осыған дейін Қазақстан біріншілігінде «Атырау» мен «Ақтөбе» өзара 33 кездесу өткізген болатын. Оның ішінде 6 кездесуде «Атырау» клубы жеңсе, 21 жеңіс «Ақтөбе» клубының қанжығасында, ал 6 кездесу тең ұпаймен аяқталған. Кезедсудің бейне нұсқасы [мына сілтемеде](http://youtu.be/okK_GnTtgYI).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atyrau-a-t-be-0-2-525016](https://yvision.kz/kk/post/atyrau-a-t-be-0-2-525016)