---
title: "Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру мемлекеттік қызметі"
description: "Егер сіз тыңызды, әкеңіздің атын немесе тегіңізді ауыстырғыңыз келеген жағдайда ХҚКО жүгіне аласыз. ..."
author: "ceka"
published: "2015-03-12T21:10:47+00:00"
modified: "2015-03-12T21:10:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyn-kesini-atyn-tegin-auystyru-memlekettik-yzmeti-481709"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atyn-kesini-atyn-tegin-auystyru-memlekettik-yzmeti-481709/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру мемлекеттік қызметі

> Егер сіз тыңызды, әкеңіздің атын немесе тегіңізді ауыстырғыңыз келеген жағдайда ХҚКО жүгіне аласыз. ...

Егер сіз тыңызды, әкеңіздің атын немесе тегіңізді ауыстырғыңыз келеген жағдайда ХҚКО жүгіне аласыз.

Аталмыш қызметті алушы орталыққа жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін төмендегідей қажетті құжаттардың тізбесі ұсынуы тиіс:

1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

2) белгіленген нысандағы өтініш;

3) 2008 жылға дейін туған адамдар үшін көрсетілетін қызметті алушылардың туу туралы куәлігі;

4) некені (ерлі-зайыптылықты) 2008 жылға дейін тіркеген адамдар үшін неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік;

5) егер көрсетілетін қызметті алушының кәмелетке толмаған балалары болса, баланың туу туралы куәлігі (2008 жылға дейін туған жағдайда);

6) бала асырап алуды не әкені анықтауды 2008 жылға дейін тіркеген адамдар үшін, егер оларды тіркеуші органдар тіркеген болса, бала асырап алу туралы куәлік не әке болуды анықтау туралы куәлік;

7) егер көрсетілетін қызметті алушы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды 2008 жылға дейін тіркеген адамдар үшін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік;

8) көрсетілетін қызметті алушының 3*4 мөлшердегі екі фотосуреті;

9) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.

10) қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді өтініп отырған себептерді растайтын қосымша құжаттарды талап етеді.

Толық ақпараттық мәліметтер мен қажетті құжаттар тізілімін электронды үкімет порталы арқылы немесе ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.

 

«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл

облысы бойынша филиалының

Талас аудандық бөлімі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atyn-kesini-atyn-tegin-auystyru-memlekettik-yzmeti-481709](https://yvision.kz/kk/post/atyn-kesini-atyn-tegin-auystyru-memlekettik-yzmeti-481709)