---
title: "Қатты жер сілкінісінен қалай қорғануға болады?"
description: "Әлеуметтік желіде Алматы тұрғынының пікірі жарияланды. Біз әлі толық сезінген жоқпыз қауіпті. Құдайға тапсырған дұрыс қой, бірақ құдай да \"Сақтансаң сақтаймын\" демей ма? Мен инстаграмда тікелей эфирге кірмеймін негізі. Кеше кіріп, біраз ойымды..."
author: "orazali"
published: "2024-03-06T05:16:17+00:00"
modified: "2024-03-06T05:16:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atty-zher-silkinisinen-alay-or-anu-a-bolady-1001943"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atty-zher-silkinisinen-alay-or-anu-a-bolady-1001943/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қатты жер сілкінісінен қалай қорғануға болады?

> Әлеуметтік желіде Алматы тұрғынының пікірі жарияланды. Біз әлі толық сезінген жоқпыз қауіпті. Құдайға тапсырған дұрыс қой, бірақ құдай да "Сақтансаң сақтаймын" демей ма? Мен инстаграмда тікелей эфирге кірмеймін негізі. Кеше кіріп, біраз ойымды...

Әлеуметтік желіде Алматы тұрғынының пікірі жарияланды.

![Қатты жер сілкінісінен қалай қорғануға болады?](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/ebaaddbc21321d60676356b571834f.jpg)

Біз әлі толық сезінген жоқпыз қауіпті. Құдайға тапсырған дұрыс қой, бірақ құдай да "Сақтансаң сақтаймын" демей ма?

Мен инстаграмда тікелей эфирге кірмеймін негізі. Кеше кіріп, біраз ойымды айттым ( менімен біреу санасатындай ).

Магнитуда үлкен әрі ұзақ бола қалған жағдайда ( ал қазір қауіп өте жоғары боп тұр, мамандар да жоққа шығарып отырған жоқ ) үйлер қирайды. Үйіндінің астында қаламыз. Әрине, құдай бетін ары қылсын!

Бірақ, жаман айтпай жақсы жоқ.

Қам қылыңыздар. Өз өмірлеріңіздің құны болмаса, үйдегі әйел-бала, ата-аналарыңыз үшін.

Әртүрлі шаралар ұсынылып жатыр. Мемлекет тарапынан ешқандай алдын-ала сақтық шаралары жасалмайды, оған үміттену - ақымақтық.

Шама келсе контейнер алып, сонда тұра тұру. Бірақ ол үшін азғантай болса да жер керек. Ол жерді кім береді? Оған қаржы да керек.

Киіз үй тігуге де жер керек. Қалада бұлардың ешқайсысы мүмкін емес.

Мен алдында да жазғам.

Бүгін де ұсынып отырмын.

Кәдімгі сынбайтын, майыса қоймайтын металлдан үйдегі бір бөлмеге, тұтас бойлай болмаса да, үштен бір бөлігіне каркас орнату. Есігін жасау жасамау маңызды емес шығар. Мүмкін болса астыңғы қабатқа қүлап түсетіндей болса амортизацияның қызметін атқаратындай ( баллонды матрас сияқты ) нәрсемен еден, қабырғаларына төсеп қою.

Және соның ішіне керек-жарақ салып қою. Тербеле бастағанда зып беріп соның ішіне кіріп кететіндей.

Немесе тастан тасқа секірсе де жарылмайтын, ішінде адам отыруға болатын шарлар бар ғой, соны алып қоса қайтер екен?

Менікі күлкілі де шығар біреулерге, ал мен үшін бұл мәселе өте салмақты әрі өзекті.

Менің ойымша керек болуы әбден мүмкін, жаңағы сооружениенің ішіне алып қоятын заттар:

5-10 л су, ысқырық, консервы, оны ашатын зат, сухари, печенье сияқты ұзақ сақталатын нан өнімдері, конфеты ( қандағы тәтті түсіп кетсе де қауіпті ), ішетін дәрілер ( бас, жүрек ауруы мүмкін ), бинт, йод сияқты дәрі-дәрмек; фонарь, сіріңке, противогаз, каска, дәретхана қағазы, шелек, горшок, подгузники ( ұлы сөзде ұят жоқ ), қалың киім ).

Айгүл Бажанованың жазбасы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atty-zher-silkinisinen-alay-or-anu-a-bolady-1001943](https://yvision.kz/kk/post/atty-zher-silkinisinen-alay-or-anu-a-bolady-1001943)