---
title: "Аттестация тапсырған әкімдерге жедел жәрдем шақыруға тура келді"
description: "Қоңыр күзге қарай 50 әкім жайлы орындарымен қош айтысатын болды. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет іст..."
author: "saltusha_teleu"
published: "2013-05-24T03:44:37+00:00"
modified: "2013-05-24T03:44:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/attestaciya-tapsyr-an-kimderge-zhedel-zh-rdem-sha-yru-a-tura-keldi-354280"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/attestaciya-tapsyr-an-kimderge-zhedel-zh-rdem-sha-yru-a-tura-keldi-354280/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Аттестация тапсырған әкімдерге жедел жәрдем шақыруға тура келді

> Қоңыр күзге қарай 50 әкім жайлы орындарымен қош айтысатын болды. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет іст...

Қоңыр күзге қарай 50 әкім жайлы орындарымен қош айтысатын болды. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов мәлім етті. Аудан және қалалық жерде әкім болғысы келгендіктен өтініш білдірген екі мыңға жуық үміткердің 37 пайызы сыннан сүрініп кетті. Оларға емтиханға келген 100 сұрақтан кем дегенде 70 ұпай жинап шығу керек болатын. Біліктілігі өз қызметтеріне сай емес болып шыққаны былай тұрсын, ешқашан тест тапсырмаған, тіпті компьютермен жұмыс істеп көрмегендері бар екен. Кейбірінің қан қысымы күрт көтеріліп, медициналық жедел қызмет көрсетуге тура келген**. **Аттестациядан өте алмаған әкімдердің орнын **ұлттық комиссияның шешімімен таңдап алынған резервтегі қызметкерлер ауыстыратын болады. **«А» корпусына қатысты өтіп жатқан емтихан 27-мамырға дейін жалғасатындықтан, орнын босататын шенділердің қатары өсуі әбден мүмкін.

**Салтанат Сүгір**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/attestaciya-tapsyr-an-kimderge-zhedel-zh-rdem-sha-yru-a-tura-keldi-354280](https://yvision.kz/kk/post/attestaciya-tapsyr-an-kimderge-zhedel-zh-rdem-sha-yru-a-tura-keldi-354280)