---
title: "Аттестация нәтижелі өтті"
description: "Елбасы Н.Ә.Назарбавтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасы шеңберін..."
author: "finpolsko"
published: "2017-05-15T03:57:45+00:00"
modified: "2017-05-15T03:57:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/attestaciya-n-tizheli-tti-766744"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/attestaciya-n-tizheli-tti-766744/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Аттестация нәтижелі өтті

> Елбасы Н.Ә.Назарбавтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасы шеңберін...

![Аттестация нәтижелі өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/jIU02N9DGhRmsbjKz3ouvs8L8bRezz.jpg)

*Елбасы Н.Ә.Назарбавтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасы шеңберінде, оның ішінде 15 қадамын жүзеге асыруға сәйкес елімізде 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында «Б» корпусына кіретін мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді комплексті аттестациядан* өткізу жоспарланған болатын. Бұған дейін үш жылда бір рет ұйымдастырылып келген сынақтарға осы жылы біраз өзгерістер енген. Биылғы аттестация бір реттік және кешенді сипатқа ие. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер құқықтық сауаттылығы бойынша тест тапсырмады. Оның орнына арнайы автоматтандырылған бағдарлама арқылы олардың нақты лауазымындағы тиімді жұмысқа қажет құзыреттілігі бағаланды. Бұл бағдарламаны әзірлеуге осы салада кеңінен танымал халықаралық компания көмектесіпті. Осыған байланысты, аттестация мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығы деңгейін анықтау ғана емес, сондай-ақ, олардың бұдан арғы дамуы мен мансаптық жоғарылауының әлеуетін айқындау. Мәселен, мемлекеттік қызметкерлер құқықтық сауаттылығы бойынша тест тапсырмайды. Оның орнына қызметтегі жұмыстың тиімділігін арттыру үшін маманның біліктілігі бағаланды. Сынақ арнайы автоматтандырылған бағдарлама арқылы өтті.

Ақжар ауданы бойынша 123 мемлекеттік қызметкердің әр түрлі санат бойынша 37-сі заңдылыққа сәйкес аттестациядан босатылса, қалған 86-сы аттестацияны жақсы деген бағамен тапсырды. Олардың 22-сі ІІ деңгей бойынша облыста әңгімелесуден өтсе, 64-і ІІІ деңгей бойынша ауданда әңгімелесуден сүрінбей өтті.

Мен аудандық аттестациялау комиссиясының мүшесі ретінде әңгімелесуге қатысып, барлық мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін сараладық. Барлығы да өз лауазымына сай деген қорытынды шығарылды.

 

Айбек ХОРШАТ, Ақжар аудандық мәслихат хатшысы, аттестациялау комиссиясының мүшесі («Нұрлы ел» газеті, 12.05.2017 ж. №21)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/attestaciya-n-tizheli-tti-766744](https://yvision.kz/kk/post/attestaciya-n-tizheli-tti-766744)