---
title: "@mensenemes : «AZ нағыз Скриптонит, ал ZaQ – Oxxxymiron»"
description: "Сіздерге ұсынғалы отырған сұхбат жаз айында алынған еді. Оның кейіпкері көпшілігімізге «Instagram» ж..."
author: "tosico"
published: "2017-11-05T07:06:25+00:00"
modified: "2017-11-05T07:06:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atmensenemes-az-na-yz-skriptonit-al-zaq-oxxxymiron-783934"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atmensenemes-az-na-yz-skriptonit-al-zaq-oxxxymiron-783934/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# @mensenemes : «AZ нағыз Скриптонит, ал ZaQ – Oxxxymiron»

> Сіздерге ұсынғалы отырған сұхбат жаз айында алынған еді. Оның кейіпкері көпшілігімізге «Instagram» ж...

*Сіздерге ұсынғалы отырған сұхбат жаз айында алынған еді. Оның кейіпкері көпшілігімізге «Instagram» желісінде* *@[mensenemes](http://mensenemes.yvision.kz)* *атты парақшамен танымал Сырым есімді жігіт.*

**- Қашаннан бері Иглзсың? Мысалы мен Иглз қатарына «Қайтадан» әніне клип шыққаннан кейін қосылдым.**

- Ең алғашқы рет мен жігіттердің «Айыптама» әніне түсірілген бейне клипіне тап болдым. Сосын ZaQ-тың түрін көрдім да «е, мыналар қарапайым кәрістер екен ғой», деп, теледидарды өшіріп тастадым. Шыны керек ұнатпай қалдым. Тәтелеріммен бірге қарап отырған едім, олар да соған меңзеді - «кәрістерге еліктеген қазақтардың тобы», деп.

Сол күнен бері ол топты есіме алмадым.

Кейін «Айтуға оңай» бағдарламасында Ренат Заитовтың өздігімен талпынған жігіттердің еңбегін жоққа шығарып, түр-әлпеттерін сөз еткенін естіп, жыным қайнады. Онда мен Иглз да емеспін немесе Тоқсан бір тобының тыңдарманы да емес едім. Көңілге, ар-намысқа қатты тиетін сөздерді көп айтып кетті. Сонысымен ұнамай қалды. Содан бастап қайда жүрсем де Тоқсан бір тобын мадақтай беретін болдым.

Ағамның баласы бар, сол арада ол «91» тобын жек көретін: «Түрлері қалай, үстеріне не киіп алған, есі дұрыс шалбар кимей, несіне қатындар сияқты аяқтарына жабысып қалған бір бәле киіп алған», деп ашуға берілетін.

- **Ақиқатын айту керек, қазіргі заманда ер адамдарға деп арналған шалбарлардың барлығы сол нақышта тігіліп, шығарылады ғой. Себебі ол мода**.

- Әйтеуір, інім екеуміз сол үшін керісіп қалдық. Кәдімгідей ызаға беріліп, Тоқсан бірдің жігіттері үшін болыстым. Сосын ғой, кейін түсіндім, өйтіп қатты беріліп, әркіммен ұрысудың қажеті жоқ екенін.

Бір күні мен «Хан шатыр» жаққа қарай стритболдан чемпионатты тамашалау үшін бардым. Біраз уақыт өткен соң сүйіктім қоңырау шалды: «Instagram» желісінен хабарлама оқыдым. «91» тобы «Хан шатырда» концерт береді екен. Інілеріңмен солар үшін сөзге келіспей қалып едің ғой, барып қайт», деді. Барсам, барып қайтайын деп шештім. Себебі сол ғимарат жаққа қарай бір топ қыздардың жүгіріп бара жатқанын байқадым. Сондай айғай-шуды туғызған не екен, деп, қызығып кеттім.

Бардым, концертті көрдім, әндерін тыңдадым. Бірақ маған ол кезде олардың концерті ұнаған жоқ.

 

**- Не себепті ұнамады?**

- «Дыбыс» көңілімнен шықпады. Дым естілген жоқ маған.

 

**- Ия, ол жолы техника ақау болды.**

**-** Оның үстіне бір-екі қателік болды. «Косяк» көп бақыладым.

 

**- Ұлдардың тарапынан жіберліген «косяктар» ма?**

- Ия! Мысалы, «Ұмытпа» әнін орындау барысында олардың фонограмманы қолданатындарын байқап, көңілім түсіп кетті. Ондайды күтпеген едім. Бірақ энергетика ұнады. Аудиторияның олармен бірге ән айтқаны үлкен әсер қалдырды. «Қайтадан» әні ұнады. Бірінші рет естіген едім. «Хан шатырдың» барлығы бірге қосылып ән айтқанын естігенде таң қалдым. Сол кеште үйге қайтып, «Space» атты бейне күнделіктерін көрдім, «Айыптама» мини альбомын тыңдадым. Сөйтіп, олардың тыңдарманы атандым. Иглз атануымның басты факті бар. Ол – ZaQ. Мен оны бұрыннан білемін. Smile Slim кезінен танимын. Жеке танымаймын ғой, бірақ оның әртүрлі батлдарға қатысатынын білемін, содан танимын. Мен де рэппен айналысқан едім.

 

**- Сен де батлдарға қатысуша ма едің?**

 

- Ия! Бірақ ол туралы ешкім біле бермейді. Мен AZ сияқты ұяламын да.

 

**- Батлдарға қатысып көргеніңмен, бірақ AZ мен ZaQ-тың платформаларына шығып көрмеген шығарсың?**

- «ASH ҚаZақ» дегенді білесіз ба?

- **Ия, естігенім бар.** **ШYNGYS сол жерден шыққан жігіт емес па? Маған олардың ішінен сол ұнайтын. Оның тректері попсаға жақын еді ғой.**

- Маған олардан ешкім ұнамайды. Бірақ сол кезде олар рэп әртістердің танылуына септігін тигізетін платформа болатын. «ASH ҚаZақ Pro» рэп батлдар ұйымдастыратын.

 

**- Сайты да болатын еді. Бір кезде қайта тауып қарап шығайн деп едім, таба алмадым.**

- Қателеспесем, олар жабылып қалған. Қазір қазақша рэпті бақылап жүрген жоқпын.

Әңгіменің басына оралсақ, дәл сол уақытта құлаққа іліккен Smile Slim еді. Бірде Дулат бір трек шығарды. Рок сияқты ауыр болды. Маған сол трек ұнап қалды. Ол уақытта Дулат ZaQ емес, Smile Slim болатын. Ол Rap Хана records-қа жататын. Оны біліп алып, мен Тоқсан бір тобына одан бетер қызыға бастадым.

Фан-парақша аштым. Негізі оның ашылуына себепкер Сіз едіңіз.

 

**- Не деген құрмет! Негізі көп Иглз сені** **youtube** **желісінен танып, Instagram парақшаңа шықты емес пе? Клиптерге реакция түсіруші едің ғой. Фан-парақшалардың админдері сенің реакциялардың салып тұратын, арамызға фанбой қосылды деп.**

- Маған ол беймәлім еді. Айтып едім ғой «Қайтадан» клипінің презентациясына бардым деп. Сол презентация аяқталғаннан кейін пост шығарғаным есімде. Концерт ұнамады, дыбыс жаман болды, ұлдар фонограмма қолданды, бірақ, энергетикасы керемет, деп. Содан ол посттың астынан пікірлер кетті. 300-ге жуық комментарий жинады. Көбісі мені хейтер көрді-ау деймін. Бірақ, мен тек өз ойыммен бөлістім. Негізі фандомға тиесілі бір-екі жағымсыз қасиет бар. Біріншісі – жағымпаздық, екіншісі – ұнатпаған адамның түбіне жету.

 

**-** **ZaQ** **пен** **AZ** **рэпер, бір топта өнер көрсететін болған соң, екеуінің шығармашылығын салыстырмау мүмкін емес. Негізі екі рэпердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар деп ойлайсың?**

- ZaQ мәтінге қатты көңіл аударады. AZ болса эксперимент жасаудан шаршамайды.

 

**- Мысалы, қандай эксперименттер? Спецэффекттер ме?**

- Жоқ! Сіз орысша рэп тыңдайсыз ба?! AZ нағыз Скриптонит, ал ZaQ – Oxxxymiron. Дулат кейде Eminem-ге қатты еліктейтін сияқты, дегенмен мен үшін ол рэпер сияқты Азаматтан басым.

 

**- Сырым, біткен жерің осы деп санай бер. ЭйЗифандар сені жеп қоятын болды. Негізі олар сондай белсенді емес, бірақ осындайда ештеңеден тайынбайды.**

- Мүмкін мен үшін ZaQ-тың философиясы жақынырақ, сондықтан ол мен үшін ең үздік болып қала бермек. «Qarangy Zharyq» жаңа альбомның идеясын, концепциясын да Дулат ұсынған сияқты.

 

**-** **Неге? Дәл осы сөздерді** **AZ Halfani** **болып жүрген кездері өзінің өлендерінде қолданатын, сондай-ақ «Ұмытпа» әніне жазылған рэп партиясында да кездестіруге болады: «жаңа Әлемге жабық, қараңғы, суық бөлмеде, сенің суретің береді маған жарық».**

**Негізі байқадың ба, екеуі де қазіргі Тоқсан бірдің шығармашылығында бұрынғы өлендерінде қолданған сөз айналымдарын жиі пайдаланады.**

- Меніңше ол заңдылық. Екеуі жас рэпер. Көп жылдар бойы рэппен айналысатын жас дарындар, бірақ мүмкін кемеліне жетү үшін тәжірибелері жеткіліксіз шығар. Оларда тәжірибе жоқ демеймін, бар, болмаса осындай шедевр әндер тумас еді. Оған қоса, бір адам өмір бойы әртүрлі мәтіндер жаза алмайтын шығар. Әлде жігіттерге басқа тақырыптарды қозғап көру керек па, өздерінің көп қырлылығын көрсете алатындай етіп. Жаралы махаббат пен хейтер мәселесінен кішкене алшақтап, әлеуметтік проблемаларды қозғаса жақсы болар еді. Жігіттердің қолынан бұл келеді. Мен оған кәміл сенімдімін.

**Кездескеніме қуаныштымын. Сұхбатыңа рахмет.**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atmensenemes-az-na-yz-skriptonit-al-zaq-oxxxymiron-783934](https://yvision.kz/kk/post/atmensenemes-az-na-yz-skriptonit-al-zaq-oxxxymiron-783934)