---
title: "Атбасар, Бұланды, Бурабай, Зеренді, Есіл аудандарында кезектен тыс конференция өтті"
description: "Оған бастауыш ұйымдарынан сайланған делегаттар қатысып, конференция жұмысын аудан әкімі, аудандық па..."
author: "akmola.nurotan.kz"
published: "2020-11-10T11:28:19+00:00"
modified: "2020-11-10T11:48:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atbasar-b-landy-burabay-zerendi-esil-audandarynda-kezekten-tys-konferenciya-tti-872302"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atbasar-b-landy-burabay-zerendi-esil-audandarynda-kezekten-tys-konferenciya-tti-872302/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атбасар, Бұланды, Бурабай, Зеренді, Есіл аудандарында кезектен тыс конференция өтті

> Оған бастауыш ұйымдарынан сайланған делегаттар қатысып, конференция жұмысын аудан әкімі, аудандық па...

![Атбасар, Бұланды, Бурабай, Зеренді, Есіл аудандарында кезектен тыс конференция өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/440487/7696a621f788c39476c947108746af.jpg)

Оған бастауыш ұйымдарынан сайланған делегаттар қатысып, конференция жұмысын аудан әкімі, аудандық партия филиалдарының төрағалары ашып, жүргізді. Күн тәртібіне сәйкес әр ауданның Сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, конференция барысында Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер арасында дебат өтті. Одан соң, арнайы дайындалған дауыс беру кабинкаларында облыстық мәслихатқа партиялық тізімдегі кандидаттарға онлайн режимінде құпия дауыс беру ұйымдастырылып, олардың қорытындылары жария етілді.

![Атбасар, Бұланды, Бурабай, Зеренді, Есіл аудандарында кезектен тыс конференция өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/440487/4578e2951f5f415b50e4c51e81aa52.jpg)

![Атбасар, Бұланды, Бурабай, Зеренді, Есіл аудандарында кезектен тыс конференция өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/440487/fc7269b9c39a285d11b3ba3be2cf80.jpg)

![Атбасар, Бұланды, Бурабай, Зеренді, Есіл аудандарында кезектен тыс конференция өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/440487/c964e34217cadd3e1ce23f947b4db3.jpg)

Конференция соңында «Nur Otan» партиясының Атбасар, Бұланды, Бурабай, Зеренді, Есіл аумақтық филиалдарынан ұсынылған аудандық депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізім мен «Nur Otan» партиясы Ақмола аймақтық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясына делегаттар тізімі бекітілді.

![Атбасар, Бұланды, Бурабай, Зеренді, Есіл аудандарында кезектен тыс конференция өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/440487/70499c467ce07d40bbc69542f545b2.jpg)

![Атбасар, Бұланды, Бурабай, Зеренді, Есіл аудандарында кезектен тыс конференция өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/440487/6d46c21dd7ce17131bfb930fc5d436.jpg)

Аталған аудандардағы конференциялар фейсбук әлеуметтік желісіндегі партияның ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.

![Атбасар, Бұланды, Бурабай, Зеренді, Есіл аудандарында кезектен тыс конференция өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/440487/dee4b4cb10c9b526fb551fd0c833ff.jpg)

Ақмола облысы бойынша партияның аумақтық филиалдарының кезектен тыс конференциялары ертең де жалғастаны болады.

"Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХХХІІІ конферценциясы қараша айының 17 күні өтетін болады. Конференция жұмысы мен кандидаттар арасындағы пікір сайысты ресми парақшалардан тамашалауға шақырамыз !

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atbasar-b-landy-burabay-zerendi-esil-audandarynda-kezekten-tys-konferenciya-tti-872302](https://yvision.kz/kk/post/atbasar-b-landy-burabay-zerendi-esil-audandarynda-kezekten-tys-konferenciya-tti-872302)