---
title: "@anatili мен @Aliya_ocean азаттығымызды ұмыттырды"
description: "Өздеріңізге белгілі, twitter есімді микроблог ортасында @anatili аккаунты қазақ тілін өркендету мақ..."
author: "temirrr"
published: "2011-08-24T18:57:46+00:00"
modified: "2011-08-24T18:58:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atanatili-men-ataliya-ocean-azatty-ymyzdy-myttyrdy-187093"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atanatili-men-ataliya-ocean-azatty-ymyzdy-myttyrdy-187093/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# @anatili мен @Aliya_ocean азаттығымызды ұмыттырды

> Өздеріңізге белгілі, twitter есімді микроблог ортасында @anatili аккаунты қазақ тілін өркендету мақ...

Өздеріңізге белгілі, twitter есімді микроблог ортасында [@anatili](http://twitter.com/#!/anatili) аккаунты қазақ тілін өркендету мақсатында аптаның әр сәрсенбісін "Қазақи күн" деп жариялады. Әуел баста [бірі жақтады, бірі даттады](http://www.kerekinfo.kz/blog/kaznet/4074.html) дегендей... Әрине, онсыз да тілім-тілім тіліңді жандандыра алмай жүргенде мұндай бастаңғыға "Құп" дедік. [#kzday](http://twitter.com/#!/search?q=%23kzday) деген ілмек те жарық көрді. Әшейінде орысша безілдейтін талайлардың әр сәрсенбі сайын қазақша да тәуір жазып, сөйлей алатындарына көзайым болып, кәдімгідей қуанып қалдық. Өйткені, өзіміз үшін тек сәрсенбі емес, аптаның әр күні #kzday.

Қазақта тәп-тәуір мақал бар. [(Қазақта тәуір мақал көп негізі...)](http://barkorn.yvision.kz/) Соның бірі: "Мақтаған қыз тойда оc..ады" деп келеді. "Не боп қалды тағы?" дейсіздер ғой? Болғаны сол, кешегі сәрсенбіде @anatili жаңа бастама көтеріп, #kzday ілмегіне төрттаған құрастырғандарға Иса Байзақовтың "Құралай сұлу" өлеңдер жинағын уәде етті.

**

![@anatili мен @Aliya_ocean азаттығымызды ұмыттырды](https://storage.yvision.kz/images/user/temirrr/KtlTnogxOt7jJ1wcDifw7QhVm1kK5G.jpg)

**

 

Алайда сөйлегіштер мен ақындардың дені еңбек демалысында жүрді ме әйтеуір бел шешіп кіріскендердің қарасы көп бола қойған жоқ. Сол азшылықтың бірі [@Aliya_ocean](http://twitter.com/#!/Aliya_ocean) деп аталатын қара көз қарындасымыз:

###

![@anatili мен @Aliya_ocean азаттығымызды ұмыттырды](https://storage.yvision.kz/images/user/temirrr/cSFvbiI1c0koMW27W8mtV8HWl5bD4L.jpg)

деп салмасы бар ма... "Бұ қалай болғаны?.."

###

![@anatili мен @Aliya_ocean азаттығымызды ұмыттырды](https://storage.yvision.kz/images/user/temirrr/98l5G0Y140pX8OCCZMLHOj041eusPg.jpg)

деген таңданысымызға қарамастан @anatili жарыстың қорытындысын жариялап, @Aliya_ocean-ды жеңімпаз етті:

###

![@anatili мен @Aliya_ocean азаттығымызды ұмыттырды](https://storage.yvision.kz/images/user/temirrr/w5qvBXf5Z7z3Cd52WyGyD55cd26xXC.jpg)

### Аң-таңбыз... Не боп кетті өзі? "Азаттығы ұмытылған ұлт болып" деген не сөз? "Азаттығымызды алдық, өз елімізге өзіміз қожайынбыз, тәуелсіздіктің 20 жылдығына қадам бастық..." деп қалпағымызды аспанға атып жатқанда, "азаттығымыз ұмытылғаны" қалай? Бұл сұраққа жауапты сіз бермесеңіз, мен түк түсіне алар емеспін...

Пысы: айтып кетейінші, көмейімді Иса Байзақовтың өлеңдер жинағы тесіп бара жатқан ештеңесі жоқ...

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atanatili-men-ataliya-ocean-azatty-ymyzdy-myttyrdy-187093](https://yvision.kz/kk/post/atanatili-men-ataliya-ocean-azatty-ymyzdy-myttyrdy-187093)