---
title: "АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия — А"
description: "АБАЙ АСУЫ – іле алатауындағы азутас жалы- нан өтетін асу. абс. биікт. 3650 м. кіші алматы шатқалының..."
author: "AdilNazar"
published: "2016-02-17T07:31:08+00:00"
modified: "2016-02-17T07:31:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/atameken-geografiyaly-enciklopediya-a-678931"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/atameken-geografiyaly-enciklopediya-a-678931/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия — А

> АБАЙ АСУЫ – іле алатауындағы азутас жалы- нан өтетін асу. абс. биікт. 3650 м. кіші алматы шатқалының...

**АБАЙ АСУЫ** – іле алатауындағы азутас жалы- нан өтетін асу. абс. биікт. 3650 м. кіші алматы шатқалының орт. бөлігін богданович мұздығымен жалғастырады. асу жолы медеу сайынан басталады. «тұйықсу қақпасы» (ені 250 м) метеост-на дейін авто- моб-мен, одан әрі шайтан шатқалы арқылы жаяу көте- рілуге болады. жолы жеңіл асулар қатарына жатады

**АБАЙ АУДАНЫ** – қарағанды обл-ның орт. бөлігіндегі әкімш. бөлініс. 1973 ж. құрылған. алғашында мичурин ауд. болып аталды. 1997 жылдан А. а. аталады. жер аум. 6,5 мың км2 . тұрғыны 54,7 мың адам, орташа тығызд. 1 км2 -ге шаққанда 8,4 адамнан келеді (2010). ауданда 10 ауылдық округ, 1 қала, 4 кент бар. Аудан орт. – абай қ. аудандағы ірі елді мекендер: топар, южный, изум- рудный, қарабас кенттері. аудан сарыарқаның орта тұсында, қуаң дала белдемінде орналасқан. батыс бө- лігі аласа белесті, жазық. тек ақшоқы (588 м), қоянды (725 м) сияқты аласа шоқылар кездеседі. шығысы ұсақ төбелі (орташа биікт. 600 – 800 м). кен байлықтарынан тас көмір, барит, әктас, т.б. құрылыс материалдары кез- деседі. климаты тым континенттік, қысы суық қары аз, жазы ыстық, құрғақ. қаңтарда ауаның орташа темп- расы –15 – 16°С, шілдеде 20 – 21°С. жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 250 – 350 мм. нұра, шерубай- нұра өзендері мен олардың салалары – есен, соқыросы аудан аумағынан өтеді. сасықкөл, сопақсор, са- рыбұлақ, шұбаркөл, шұбар, шерубайнұра, ынтымақ, т.б. көлдер мен бөгендер бар. ауданның шығысы қара қоңыр, батысы ашық қоңыр, сортаң топырақты болып келеді. өсімдіктерден селеу, бетеге, жусан, өзен және тау аңғарларында қызғылт боз, қыраттарда қараған, то- былғы, т.б. өседі. жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, суыр, атжалман, ондатр мекендейді. суларында табан, мөңке, оңғақ, нәлім, алабұға, торта, шортан, ақ қайран өседі. А. ш-на пайдаланылатын жер аум. 611,7 мың га. аудан аумағы арқылы қарағанды – шу т. ж., астана – қарағанды – алматы, қарағанды – атасу – жезқазған автомоб. жолдары өтеді

 

**АБАЙ АУДАНЫ** – шығыс қазақстан обл-ның оңт.- батысындағы әкімш. бөлініс. 1928 ж. құрылған. А. а. 1993 жылдан ҚР президентінің Жарлығымен абыра- лы ауд. болып, ол 1997 ж. таратылды да, бұрынғы ата- уымен қайта аталды. жер аум. 20,0 мың км2 . тұрғыны 15,7 мың адам, орташа тығызд. 1 км2 -ге шаққанда 1,2 адамнан келеді (2010). аудан орт. – қарауыл а. А. а- ның жері ойлы-қырлы болып келеді. оңт.-батысын ханшыңғыс (1152 м) және шыңғыстау (1077 м), шы- ғысын дегелең, ордатас, батысын дос, мыржық тау- лары алып жатыр. кен байлықтарынан мәрмәр, гра- нит, қиыршықтас, құм, т.б. өндіріледі. климаты кон- тиненттік, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. орташа ауа темп-расы қаңтарда – 15,5°С, шілдеде 20,5°С. жа- уын-шашынның орташа жылдық мөлш. 250 – 350 мм. аудан аумағынан шаған, ащысу, бөкенші өзендері ағып өтеді. жазда құрғап қалатын ұсақ өзендер мен жылғалар, ащы және сор көлдер көп. жері қоңыр және сортаң топырақты келеді. өсімдіктерден далалық өңірде селеу, бетеге, жусан, ши, таулы өңірлерде терек, қайың, өзен бойларында тал, қарақат, мойыл өседі. жануарлардан арқар, елік, қасқыр, түлкі, ор қоян, қар- сақ, борсық, күзен, тиін, сарышұнақ; құстардан дуа- дақ, құр, бұлдырық, бөдене, тырна, қаз, үйрек, бүркіт, т.б. мекендейді. А. ш-на пайдаланылатын жер аум. 1,9 млн. га, оның ішінде егістігі 12,8 га, шабындық 42,3 мың га, жайылым 1875,3 мың га (2009). тұрғындары облыс орт. – өскемен қ-мен және көрші аудандармен автомоб. жолдары арқылы қатынайды.

 

**АБАЙАУЫЛ** – үлкен жарма көлінің оңт.-шығысын- дағы қоныс. солт. Қазақстан обл. м.жұмабаев ауд. полтавка а-ның солт-нде, солт.-батысында облыс орт. петропавл қ. орналасқан. қоныс маңын қарағайлы ор- ман алқабы алып жатыр.

 

**АБАЙ ДАЛАСЫ** – ресей федерациясы алтай өңірін- дегі тектоник. ойыс. солт.-шығысында теректі, оңт.-ба- тысында қоржынтау жоталары орналасқан. Абс. биікт. 1100 м. ұз. 25 км, ені 6 – 9 км. солт.-батыстан оңт.-шы- ғысқа қарай шағын абай, ақсас өзендері ағып өтеді. түрлі шөп аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі. ойыстың құнарлы бөлігі игерілген.

 

**АБАЙДЫҢ ЖИДЕБАЙДАҒЫ** қонысы, а бай - дың ж идебайдағы қорығы – қара- уыл өз-нің жайылмасында жатқан қалың қорық, шұ- райлы жер. жидебайды 18 ғ-дың 80-жылдары мен 19 ғ- дың 50-жылдары шамасында тобықты руының мамай, жігітек аталары қоныс еткен. Ал 19 ғ-дың ортасына таман жидебай (мамай батырдан тараған еламанның бір ұрпағы), борсықбай, барақ деп аталатын шұрайлы қоныстарды ел ағасы, аға сұлтан құнанбай өскенбай- ұлы иемденіп, қыстау салдырған. 1850 ж. құнанбай жидебайдың солт-нде 15 км жердегі күзеуден, ескітам деген қоныстан жиырма балаға арналған медресе сал- дырып, өзінің және туыстарының балаларын оқытқан. абай сегіз жасынан бастап сол медреседен дәріс алып, сауат ашқан. 1880 ж. абай жидебайда өз қаражатымен жаңадан медресе салдырған. 1885 – 92 ж. жидебай қонысы құнанбайдың ұлжаннан туған кенже баласы оспанның еншісіне тиген. 1892 ж. інісі оспан дүние салған соң абай осы қонысты тұрақты қыстау еткен. жидебай 20 ғ-дың соңында тарихи-мемориалдық, экол. қорыққа айналды. 1990 ж. қазақстан үкіметінің қаулысымен жидебай қорығының жалпы аум. 64 км2 . мемлекет қарауына алынған қорық құрамына енгентарихи елді мекендер, қыстаулар, зираттар, көл-сулар мен көгалды алқап, төбе-шоқылар респ. маңызы бар тарихи ескерткіштер ретінде мемл. қорғауға алынды. қорық құрамына абайдың мемориалдық мұражай-үйі, абай – оспан және шәкерім – ахат ескерткіштер ке- шені, зере, ұлжан, құдайберді, ғабитхан молда, шәу- кенбай, еркежан бейіті басындағы белгілер, кеңгірбай бидің бейіті, құнанбай құдығы, оспан көлі, мұсақұл төбесі, махмұд қорасы, орыс қорасы, зұлғарыш қо- расы, ырыздыбай қорасы, тұрағұл қорасы енеді. жоғарыда аталған тарихи-мәдени ескерткіштердің барлығы да ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында (1996) күрделі жөндеуден өткізіліп, жаң- ғыртылды.

 

**АБАЙ МҰЗДЫҒЫ** – 1) жетісу (жоңғар) алатауының солт. беткейіндегі үлкен басқан өз. алабында орналас- қан мұздық. 1947 ж. абай құнанбаев есімі берілді. ұз. 7,5 км (морена басқан бөлігін қосқанда 8,5 км). аум. 10,2 км2 , ашық жерінің аум. 8,9 км2 , орташа қалыңд. 100 м. кейінгі 25 жыл ішінде мұздық аум. 3 км-ге (ашық жері 2,3 км2 -ге) кішірейген. үстіңгі беті бе- дерлі, жарықшақты болып келеді. фирн межесі 3720 м биіктікте. мұздықтың үстіңгі ұшы 4511 м, төм. шеті 3060 м биіктікте жатыр. мұздықтан еріген су төм. мо- рена бөгелуінен пайда болған көлге құяды. алғаш рет бұл мұздық туралы қысқаша ғыл. сипаттама 1913 ж. М.Ф.войшвило кітабында жазылған. 1947 жылдан бері Абай мұздығын зерттеумен қазақстан ҒА-ның геогр. ин-ты айналысады; 2) іле алатауының солт. беткейіндегі абай шыңында орналасқан мұздық. аум. 0,2 км2 , ашық жерінің аум. 0,1 км2 . Ұз. 0,7 км. ұшы 3440 м биіктікке барып бітеді. фирн межесі 3640 м биіктікте, фирннің аум. 0,1 км2 . АБАЙ ШЫҢЫ, іле алатауының кіші алматы сілемінде орналасқан. абс. биікт. 4010 м. шың үш найзатастан тұрады. батыс жағы, кіші алматы өз-не қарай, тік құлама жартасты болып келеді. солт. бетке- йінде шағын мұздық бар. А. ш-на алғаш рет (1932 ж. шілдеде) Г.И.белоглазов бастаған алматылық альпи- нистер көтерілген. шыңға 1932 ж. а.құнанбаев есімі берілді. АБОЛИН МҰЗДЫҒЫ – жетісу (жоңғар) алатауы- ның солт. беткейінде орналасқан қазаншұңқырдағы мұздық. орта азияны зерттеуші ғалым Р.И.або- линнің есімімен аталған (1958). бүйен өз-нің жоғарыбөлігінде, орман бүйен өз-нің бастауында орналасқан. мұздық солт-ке қарай созылып жатыр. климаттың бір- тіндеп өзгеруіне байланысты мұздық кішірейе келіп, үш бөлікке бөлінді. Ең ірі бөлігінің ұз. 4,7 км, ашық жерінің ұз. 3,3 км. жалпы аум. 4,6 км2 . Ашық жерінің аум. 4 км2 . Фирн (мұзқар) алаңы 1,7 км2 , фирн сызығы 3540 м биіктіктен өтеді. мұздықтың теңіз деңгейінен ең биік жері – аболин шыңы (4051 м). мұздық бүйірлік биік моренамен көмкерілген. Оның астыңғы шеті 3100 м-ге дейін түріліп, бастапқы ұз-нан 40 м-ге шегінді. мұздықтың орташа қалыңд. 90 м, көл. 0,36 км3 .

 

**АБРАЛЫ (АБЫРАЛЫ) таулары** – cемей қалалық әкімдігіне қарасты аумақтағы тау. Шығыс Қазақстан обл-нда орналасқан. Солт-тен оңт-ке қарай созыла орналасқан екі таудан тұрады. батысындағы жақсы абралы тауының ұз. 20 км, ені 10 км, биікт. 1300 м. шығысындағы жаман абралы тауының ұз. 20 км, ені6 км, биікт. 1111 м. Екі таудың аралығында қарасу өз- нің аңғары жатыр. А. т. негізінен девон мен силур жы- ныстарынан тұрады. климаты тым континенттік. қаң- тар айындағы орташа темп-ра –15°С, шілдеде 19°С. жауын-шашынның жылдық мөлш. 350 мм. беткейле- рінің қиыршықтасты қоңыр топырағында қараған, то- былғы, сұлыбас, қызғылт селеу, боз, бетеге, жусан, т.б. өсімдіктер өседі. беткейлері мал жайылымы ретінде пайдаланылады.

 

**АБЫЗ АЛТЫН-МЫС КЕНІ**, қарағанды обл. қар- қаралы ауд-нда орналасқан. 20 ғ-дың 60-жылдары ашылған. Ол ақбастау антиклинальды белдемінің батысында девонның барлық бөлімдерінің жыныста- рын қамтитын қабаттар тобырын құрайды. кен төм. девонның андезит-базальтты жанартаулық кезеңінде қалыптасқан. Кен орны Абыз антиклиналының бойын алып жатыр. Осы антиклинальдың қатты жарықшақ- танып өзгеріске ұшыраған жоғ. белдеміне негізгі кен денелері шоғырланған. Олар негізінен массивті болып келеді, сондай-ақ сеппелі-желілі түрде де кездеседі. А. а.-м. к-нде кездесетін минералдар 9 түрлі параге- нездік бірлестіктер құрайды. негізгі кентасты мине- ралдар – сфалерит, халькопирит, галенит және пирит. кентас құрамындағы мыс, мырыш және қорғасынныңарақатынасы: 4,4:11:1. кентастар минералдық құрамы бойынша күкіртті, мысты, мырышты, мысты-мырыш- ты, полиметалды, қорғасын-мырышты колчедандар болып алты түрге жіктеледі. кентас құрамында алтын мен күміс мөлшері едәуір. алтын барлық минералдық бірлестіктердің құрамына кіреді, саф алтын түрінде де кездеседі. сирек элементтерден селен, теллур, висмут, сүрме, күшәла, қалайы, индий, таллий бар.

 

**АБЫЛАЙ ЖОЛЫ** – 18 ғ-дың орта шенінде абылай хан белгілеген сауда-керуен жолы. қазіргі шығыс қазақстан обл. Абай ауд-ның батысынан басталады. шыңғыс тауын бөктерлеп, ертіс өз-нің сол жағын бой- лай, шығысқа қарай созылып жатқан бұл жолды халық «Хан жолы» деп те атайды. Ел аузында «шаңды жол» деп те аталады.

**АБЫЛАЙКИТ** – шығыс қазақстан обл. Ұлан ауд- ндағы өзен. қалба жотасының бесшоқы, талды таула- рының солт. беткейлерінен басталатын сібе, ұраңқай (ұрыңқай) өзендерінің қосылған тұсынан кейінгі бөлігі осылай аталады. ұзындығы сібе өз-нің баста- уынан 78 км, су жиналатын алабы 1,7 мың км2 . Өзен толығымен тау аңғары арқылы ағады, ағысы қатты. негізінен еріген қар суымен толығады. ертіс өз-не абылайкит а-ның тұсында қосылады. сағасындағы орташа су ағымы 4,87 м3 /с. Өзен 1654 ж. қалмақтың абылай тайшысы салдырған сарай-бұтханасының (сібе өз-нің бас жағында) атымен аталған.

 

**АБЫЛАЙ ҚОНЫСЫ**, қ ызылжар қыраты – Солт. қазақстан обл. қызылжар ауд. подгорный а- на дейін Есіл өз-нің оң жағалауы бойымен созылып жатыр. бұл қызылжар қыратының оңт. бөлігінде 18 ғ-дың ортасында абылай ханның малы бағылған. қоныстың шетінде астық тұқымдас шөптесін өскен бай шоқ орманды дала жатыр. кезінде А. қ-нан айдал- ған мал петропавл жәрмеңкесіне әкелініп отырған.

**АВСЮК МҰЗДЫҒЫ** – жетісу (жоңғар) алатауының солт. беткейіндегі аңғарлық мұздық. сарқан алабын- дағы ақшығанақ өз-нің бастауында орналасқан. 1957 ж. көрнекті ғалым Г.А.авсюктің есімімен аталған. Ұз. 4,7 км (ашық жері 4,2 км), жалпы аум. 5 км2 . 1960 – 90 ж. аралығында мұздықтың ұз. 0,1 км-ге қысқарды. Аум. 0,8 км2 -ге, ашық жері 1,3 км2 -ге кеміді. орташа қа- лыңд. 70 м-ге, көл. 0,3 км3 -ге дейін азайды. мұздық басталатын жотаның ең биік жері 4262 м, фирн ала- ңының ауд. 2 км2 . мұздық тілін бүйірлік мореналар көмкеріп жатыр. мұздықтың үстіңгі тілі 3180 м биік- тікте орналасқан. Оның моренамен көмкерілген бөлігі 3170 м-ге дейін төмендеп, бұрынғыдан 40 – 60 м ше- гінген. мұздық туралы алғашқы ғыл. еңбек 1929 – 32 ж. жазылған. Авсюк мұздығын зерттеумен 1957 жыл- дан қазақстан ҒА-ның Геогр. ин-ты айналысады.

**АДА** – Каспий т. Қазақ шығанағындағы құмдауытты құмқайыр. жағалаудан кендірлі шығанағы арқылы бөлінеді. маңғыстау обл. қарақия ауд. жерінде орна- ласқан құмқайырдың бедері тегіс жазық. онда сексе- уіл, жүзгін, жыңғыл бұталары және шөлге тән сораң шөптер өседі. құрлықпен жалғасқан шығанағының ені 3 км. тайыз жерден аз мөлшерде тұщы су шығады. құмқайыр 1930 ж. зерттелген. көне түркі тілінде А. сөзі «арал» деген мағынаны білдіреді.

**АДАЙКӨЛ** – Қостанай обл. қамысты ауд. Адай а-нан оңт.-шығысқа қарай 1 км жерде орналасқан көл. теңіз деңгейінен 267 м биіктікте жатыр. Аум. 10,3 км2 . Ұз. 4,2 км, енді жері 2,9 км, жағалау бойының ұз. 17,6 км. негізі-нен жауын-шашынмен толысады. көктем, күз айларын- да мал суаруға, жазда шабындыққа пайдаланылады.

АДАЙ ҮСТІРТІ, А дай- ө лкейек үстірті – торғай төрткілді өлкесінің батыс бөлігін алып жа- тыр. қостанай обл-ның ортаңғы бөлігіндегі бірнеше аудандарды қамтиды. Солт-нде қостанай жазығымен (қамыс-диевка желісі бойынша), оңт-нде ақтөбе, қа- рағанды облыстары аумағымен шектеседі. Жер бедері негізінен жазық келген. Тек кейбір жері обаған аңғары және сыпсыңағаш қолатымен (обағанның ежелгі сол салаларымен) тілімденген. Абс. биікт. 300 м. үстірттің кейбір жерлерінде төрткілді оқшау таулар (қоңыртау тауы, т.б.) кездеседі.

 

**АДАМТАС,** А дамтас шамшырағы – каспий т-нің шығыс жағалауындағы мүйіс. маңғыстау обл. қарақия ауд-нда, кендірліқиясай үстіртінің теңізге қа- раған оңт.-батысында орналасқан. мүйістің теңізге қа- раған бөлігі тік жарқабақты. Су асты тастары шығып тұрған жағалауы кеме тоқтауға қолайсыз. кезінде А. мүйісінде су асты тастарынан теңіз кемелерін сақтауға арналған шамшырақ оты болған.

**АДЫРАСПАН (Реganum)** – түйетабандар тұқымда- сына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. қазақ- станның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсі- ресе Шу, Іле, сырдария, сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Биікт. 20 – 50 см. сабағы бұтақты, са- лалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. гүлі ақ, сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орна- ласады. мамыр – шілде айларында гүлдейді. жемісі – көп тұқымды қауашақ. тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады. А. – бағалы дәрілік өсімдік. Оның құра- мында алкалоидтар бар. халық медицинасында А-ды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. сондай-ақ малдың қотырын да жазады. А-нан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. тұқымы мен көк шөбінен алынған тұнбаны а. ш. зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. А. – улы өсімдік (құрамында бірнеше ал- калоидтар бар), дәмі ащы, мал жемейді. АЖЫРЫҚ (Aeluropus) – астық тұқымдасына жата- тын көп жылдық өсімдіктер туысы. республикамыз- дың барлық сортаң және шөлді аймақтарында 2 түрі кездеседі. с ортаңдық А-тың (A. lіtoralіs) биікт. 20 – 60 см, сабағы көлбеу не көтеріле өседі. бұтақтары бұдырлы, жапырағы жалпақтау, түкті келеді. Көп гүлді масақтары сатылана орналасқан, ұз. 3 – 5 мм. ж ата - ған А-тың (A. repens) биікт. 7 – 30 см, жапырақтары түкті, гүл сыпыртқысы тығыз, шоғырлана орналасқан, ұз. 2 – 2,5 см. А. – ең маңызды мал азығы. өскен жері- нің құнарлылығына байланысты бір га алқаптан 2 – 40 ц шөп жиналады. Оның гүлінің құрамында протеин, белок, май, азотсыз активті заттар көптеп кездеседі. А. тұзға өте төзімді келеді.

**«АЗҒЫР» ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫ** (әскери шарт- ты аты «галит») – бұрынғы КСРО қорғаныс мин. мен Атом өнеркәсібі мин. және бүкілодақтық экс- перименттік физ. ғыл.-зерт. ин-ты («арзамас-16») мамандарының басқаруымен ядролық жарылыстар сыналған құпия сынақ аймағы. атырау обл. құрман- ғазы ауд-ндағы азғыр а-нан 15 км-дей жерде орналас- қан. Ауд. 0,6 млн. га. онда 1966 ж. сәуірден 1977 ж. қазан аралығында 17 ядр. жарылыс (165 – 1500 м те- реңдікте) сынағы жүргізілді. Ядр. қуат күші 10 – 25 кт-ға жеткен. Осының салдарынан жер астынан жалпы көл. 1,2 млн. м3 9 қуыс пайда болды. 1991 – 92 ж. осы қуыстарды тексеру кезінде ыдырайтын радиоактивті заттардың сақталғаны анықталды («А.» я. п-ндағы 9 жер асты қуысындағы радиоактивтік заттардың қал- дықтары 1996 – 97 ж. көмілді). сондай-ақ бұл жерлер- де таллий, қорғасын, кадмий, күшәла, бром, хлорид, сульфаттардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары болған. Жер асты сулары ауыр металдар- мен ластанған. радиоактивті заттармен ластанған то- пырақты, суды, егістік жерлерді, мал жайылымдарын тазартып, залалсыздандыру жұмыстары аяқталмаған. «А.» я. п-ндағы жергілікті тұрғындарды мед. тексе- руден өткізгенде, ауруға шалдыққандары мен қайтыс болғандарының саны (әсіресе балалардың) облыстағы орташа деңгеймен салыстырғанда 2 – 2,5 есе жоғары болған. әсіресе рак (ісік), сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуы басым (балалардың 95%-ы анемия ауруына шалдыққан).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/atameken-geografiyaly-enciklopediya-a-678931](https://yvision.kz/kk/post/atameken-geografiyaly-enciklopediya-a-678931)