---
title: "\"Ата жолы\" көші-қон картасына сұраныс көбейіп жатыр"
description: "Шет елдердегі этникалық қазақтар арасында \"Ата жолы\" миграциялық карталарына сұраныс артып келеді. Фото: gov.kz Мемлекет басшысының шетелден кәсіби мамандар мен табысты бизнесмендерді Қазақстанға тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында \"Ата..."
author: "jan.123"
published: "2024-05-25T07:19:56+00:00"
modified: "2024-05-25T07:19:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ata-zholy-k-shi-on-kartasyna-s-ranys-k-beyip-zhatyr-1004964"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ata-zholy-k-shi-on-kartasyna-s-ranys-k-beyip-zhatyr-1004964/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Ата жолы" көші-қон картасына сұраныс көбейіп жатыр

> Шет елдердегі этникалық қазақтар арасында "Ата жолы" миграциялық карталарына сұраныс артып келеді. Фото: gov.kz Мемлекет басшысының шетелден кәсіби мамандар мен табысты бизнесмендерді Қазақстанға тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында "Ата...

*Шет елдердегі этникалық қазақтар арасында "Ата жолы" миграциялық карталарына сұраныс артып келеді.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/980d290960262fe2774512a08a7d64.jpg)

*Фото: gov.kz*

Мемлекет басшысының шетелден кәсіби мамандар мен табысты бизнесмендерді Қазақстанға тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында "Ата жолы" көші-қон картасы енгізілген болатын. Әзірге карта 55 адамға берілген. Оның 13-і қазір елге келді.

Жоба аясында тарихи Отанына оралғандармен Премьер-министр орынбасары Тамара Дүйсенова кездесті.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/d93dbbe4e50a54679ca385edc7f6b3.jpg)

Жүздесу барысында қандастар жоба туралы пікірлерін айтып, елде атқарар жұмысының жоспарын таныстырды. Олардың арасында денсаулық сақтау, мұнай және газ, құрылыс, білім беру, ІТ саласының мамандары бар.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/ff6101aeb9cc31ada264143ed6a86a.jpg)

https://t.me/KZgovernment

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ata-zholy-k-shi-on-kartasyna-s-ranys-k-beyip-zhatyr-1004964](https://yvision.kz/kk/post/ata-zholy-k-shi-on-kartasyna-s-ranys-k-beyip-zhatyr-1004964)