---
title: "Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынамын - Тоқаев"
description: "«Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын..."
author: "usergoogle106130794574359253877"
published: "2022-04-29T06:52:30+00:00"
modified: "2022-04-29T10:57:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ata-za-a-zgerister-men-toly-tyrular-engizu-zh-ninde-referendum-tkizudi-synamyn-to-aev-965720"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ata-za-a-zgerister-men-toly-tyrular-engizu-zh-ninde-referendum-tkizudi-synamyn-to-aev-965720/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынамын - Тоқаев

> «Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын...

«Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едік. Бұл – қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан, мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын», - деді Тоқаев.

Еске салайық, Қазақстанда жалпыхалықтық референдум екі рет өткізілді. Екеуі де 1995 жылы. Сәуірде халық Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзартты, ал тамызда жаңа Конституцияны қолдады.

Фото алынды tengrinews.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ata-za-a-zgerister-men-toly-tyrular-engizu-zh-ninde-referendum-tkizudi-synamyn-to-aev-965720](https://yvision.kz/kk/post/ata-za-a-zgerister-men-toly-tyrular-engizu-zh-ninde-referendum-tkizudi-synamyn-to-aev-965720)