---
title: "Ата-аналар қауымы жемқорлыққа қарсы"
description: "А.ж. 22 қарашада Көкшетау қаласының №5 «Таңдау» көппрофильді гимназиясында ата-аналар жиналыстары ..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-11-26T04:57:35+00:00"
modified: "2017-11-26T04:57:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ata-analar-auymy-zhem-orly-a-arsy-786133"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ata-analar-auymy-zhem-orly-a-arsy-786133/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ата-аналар қауымы жемқорлыққа қарсы

> А.ж. 22 қарашада Көкшетау қаласының №5 «Таңдау» көппрофильді гимназиясында ата-аналар жиналыстары ...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/5NiBrjuPu997bC3jJ10A9NzKmtoQ6K.jpg) А.ж. 22 қарашада Көкшетау қаласының №5 «Таңдау» көппрофильді гимназиясында ата-аналар жиналыстары өтті.

2 «в» сыныбы оқушыларымен өткізілген жиналысқа Департаменттің қызметкері С. Беккажанова қатысты.

Мектептегі алым-салық көп жылдардан бері өзекті мәселе болып келе жатыр. Заңға қайшы болса да, ата-аналардан ақша жинау орын алуда, және алым сомалары күннен күнге ұлғая түсуде. Ата-аналардан оқулықтарға, күзетке, жөндеуге, тағы басқа көптеген нәрселерге ақша тапсыруды өтінеді.

Негізінен ата-аналардың басым бөлігі құпия ережелерге бағынып, мектепке кезекті соманы әкеліп береді.

Ата -аналарға осы мәселенің шешімін табу үшін ҚР Білім және ғылым министрінің Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары бекітілгені түсіндірілді.

Сонымен қатар, Департаменттің өкілі Ережелердің ақша жинау тәртібін реттейтіндігін, сонымен қатар, қаржының мақсатқа сай жұмсалмауы мен жемқорлық іс-қимылға жол бермеу үшін міндетті түрде қаржылық есептілік белгіленетіндігін ата-аналардың назарына жеткізді.

Жиналыс барысында ата-аналар қауымы «Балаларымыздың адал және парасатты азамат, өз елінің патриоттары блоып өсуі үшін қазірден бастап осы қасиеттерді олардың бойына дарыта білуіміз керек», - деген тоқтамға келді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ata-analar-auymy-zhem-orly-a-arsy-786133](https://yvision.kz/kk/post/ata-analar-auymy-zhem-orly-a-arsy-786133)