---
title: "Атқарылған жұмыстар баяндалды"
description: "Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында «Х..."
author: "Taraz_3"
published: "2016-03-23T23:20:17+00:00"
modified: "2016-03-23T23:20:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/at-aryl-an-zh-mystar-bayandaldy-685173"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/at-aryl-an-zh-mystar-bayandaldy-685173/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атқарылған жұмыстар баяндалды

> Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында «Х...

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Данияр Медетбеков журналистермен брифинг өткізіп, атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Қазіргі таңда біздің облысымызда 16 Халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде 4 қалалық, 10 аудандық, 1 ауылдық, 1 мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары, Мойынқұм ауданындағы Шығанақ ауылында және Қордай ауданындағы Отар ауылында 2 сектор жұмыс атқаруда. Сонымен қатар Сортөбе және Бурыл ауылдарындағы пошталы байланыс бөлімшесі арқылы тұрғындар мемлекеттік қызметтер алуда.

Жыл басынан бері облыстағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары 539 638 қызмет көрсетті. Оның ішіндегі 409 218 қызмет – электрондық үлгіде. Ал, 2015 жылы 2 026 085 қызмет көрсетілді.

Әр бөлімде азаматтарға өз бетінше дербес электронды цифрлық қолтаңбалары арқылы «Электронды үкімет» порталының көмегімен, қызмет алу мүмкіндігін ұсыну мақсатында, арнайы кеңес беретін қызметкерлер бекітілген. 2015 жылы электрондық цифрлық қолтаңбаларды облыстың 162 436 тұрғыны алды. Ал, 2016 жылдың басынан бері ЭЦҚ алғандардың саны 44 595 адам. «Connection Point» орындары арқылы 2015 жылы алынған электрондық анықтамалар саны - 474 333. Ал, 2016 жылдың басынан бастап 65 128 анықтама берілді.

Бұдан өзге шалғай елді мекендер тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, облыс колемінде мобильдік топтар құрылды. Жамбыл облысы бойынша 9 мобильдік ХҚКО жұмыс атқаруда. 2015 жылы мобильді топ елдімекендерге 927 рет шығып, 41 213 қызмет көрсетілді. Ал, 2016 жылдың басынан бері 184 сапар ұйымдастырылып, 6194 қызметтер көрсетілді.

Брифинг соңында «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Д.Медетбеков журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

**«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы**

**бойынша филиалының баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/at-aryl-an-zh-mystar-bayandaldy-685173](https://yvision.kz/kk/post/at-aryl-an-zh-mystar-bayandaldy-685173)