---
title: "Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапурға ресми сапары басталды"
description: "Мемлекет басшысы Сингапур Президентінің Istana сарайына келді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент Тарман Шанмугаратнам қарсы алды. Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Содан соң..."
author: "orazali"
published: "2024-05-23T04:04:59+00:00"
modified: "2024-05-23T04:06:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/asym-zhomart-to-aevty-singapur-a-memlekettik-sapary-bastaldy-1004895"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/asym-zhomart-to-aevty-singapur-a-memlekettik-sapary-bastaldy-1004895/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапурға ресми сапары басталды

> Мемлекет басшысы Сингапур Президентінің Istana сарайына келді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент Тарман Шанмугаратнам қарсы алды. Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Содан соң...

*Мемлекет басшысы Сингапур Президентінің Istana сарайына келді.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/e6b4cb63058a6d30c25dff7fd8ffbc.jpg)

Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент Тарман Шанмугаратнам қарсы алды. Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/f6e4ec18852e359daedbc19d984a8f.jpg)

Содан соң Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тарман Шанмугаратнам келіссөз өтетін залға барды. [t.me/aqorda_resmi](https://t.me/aqorda_resmi)110:00

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/asym-zhomart-to-aevty-singapur-a-memlekettik-sapary-bastaldy-1004895](https://yvision.kz/kk/post/asym-zhomart-to-aevty-singapur-a-memlekettik-sapary-bastaldy-1004895)