---
title: "Қасым-Жомарт Тоқаев ЖЕЭК-тің шағын форматтағы жиынына..."
description: "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) шағын форматта өткен отырысына қатысты. ЖЕЭК саммитіне Қазақстан Президентімен қатар, Армения Премьер-министрі – ЖЕЭК төрағасы Никол Пашинян, Ресей Президенті..."
author: "orazali"
published: "2024-05-08T15:11:29+00:00"
modified: "2024-05-08T15:11:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/asym-zhomart-to-aev-zheek-ti-sha-yn-formatta-y-zhiynyna-atysty-1004406"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/asym-zhomart-to-aev-zheek-ti-sha-yn-formatta-y-zhiynyna-atysty-1004406/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қасым-Жомарт Тоқаев ЖЕЭК-тің шағын форматтағы жиынына...

> Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) шағын форматта өткен отырысына қатысты. ЖЕЭК саммитіне Қазақстан Президентімен қатар, Армения Премьер-министрі – ЖЕЭК төрағасы Никол Пашинян, Ресей Президенті...

*Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) шағын форматта өткен отырысына қатысты.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/af204b7bdea4a0c2f7f8a1be45e859.jpg)

ЖЕЭК саммитіне Қазақстан Президентімен қатар, Армения Премьер-министрі – ЖЕЭК төрағасы Никол Пашинян, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев келді.

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастықтың маңызды міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылады. Сондай-ақ ЕАЭО қызметінің жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты. [t.me/aqorda_resmi](https://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/asym-zhomart-to-aev-zheek-ti-sha-yn-formatta-y-zhiynyna-atysty-1004406](https://yvision.kz/kk/post/asym-zhomart-to-aev-zheek-ti-sha-yn-formatta-y-zhiynyna-atysty-1004406)