---
title: "Қасым-Жомарт Тоқаев сақа саясаткерлермен кездесті"
description: "Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің белді де беделді сақа саясаткерлерімен кездесті. Олардың ..."
author: "Green-bridge1"
published: "2015-09-24T22:16:21+00:00"
modified: "2015-09-24T22:16:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/asym-zhomart-to-aev-sa-a-sayasatkerlermen-kezdesti-548270"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/asym-zhomart-to-aev-sa-a-sayasatkerlermen-kezdesti-548270/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қасым-Жомарт Тоқаев сақа саясаткерлермен кездесті

> Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің белді де беделді сақа саясаткерлерімен кездесті. Олардың ...

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің белді де беделді сақа саясаткерлерімен кездесті.

Олардың арасында шетелдің белгілі қоғам қайраткерлері мен Нобель сыйлығының лауреаттары, Колумбия мен Польшаның Президенттері бар. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі меймандарға Қазақстанның қазіргі дамуы мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа институционалдық реформалары жайлы әңгімелеп берді. Ядролық қаруды таратпау мәселелерін сөз еткен жиынға қатысушылар осы саладағы Қазақстанның рөлін айшықтады. Сондай-ақ тараптар ғаламдық климаттың өзгеруін ескеріп, «жасыл» энергетиканың дамуын да талқыға салды.

 

http://gbpp.org/kz/2015/09/7496

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/asym-zhomart-to-aev-sa-a-sayasatkerlermen-kezdesti-548270](https://yvision.kz/kk/post/asym-zhomart-to-aev-sa-a-sayasatkerlermen-kezdesti-548270)