---
title: "«Асықата кенті» командасы бас жүлдені иеленді"
description: "Бүгін Мақтарал ауданының «Спорт және дене шынықтыру» бөлімінің ғимаратында Мақтарал аудандық Ішкі с..."
author: "Makhtaralbaspasoz"
published: "2016-08-17T05:40:00+00:00"
modified: "2016-08-17T05:44:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/asy-ata-kenti-komandasy-bas-zh-ldeni-ielendi-707500"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/asy-ata-kenti-komandasy-bas-zh-ldeni-ielendi-707500/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Асықата кенті» командасы бас жүлдені иеленді

> Бүгін Мақтарал ауданының «Спорт және дене шынықтыру» бөлімінің ғимаратында Мақтарал аудандық Ішкі с...

![«Асықата кенті» командасы бас жүлдені иеленді](https://fbcdn-sphotos-a-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xtp1/v/t1.0-9/13932739_331482287240552_813878647574072726_n.jpg?oh=14659d2e082f2b3bf4fa9de83cc2d41a&oe=584E3D6C&__gda__=1482501273_a027e5d7dd53ceb5b4c98e76561b7c52)

**Бүгін Мақтарал ауданының «Спорт және дене шынықтыру» бөлімінің ғимаратында Мақтарал аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «Спорт күніне» орай «Спорт бізді біріктіреді» атты аудан жастары арасында волейболдан турнир болып өтті.**

Жарысқа түрлі ауылдық округтер мен кенттерден 16 команда қатысты. Бәсекелі додада жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып «Асықата кенті» командасы бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, «Қарақай» ауылдық округінің командасы жүлделі екінші орында алса, «Қызылқұм» ауылдық округінің командасы үшінші орынды қанағат тұтты. Жеңімпаз командалар аудан әкімшілігінің арнайы дипломдарын алып, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

![«Асықата кенті» командасы бас жүлдені иеленді](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/13925146_331482317240549_3304126361038708920_n.jpg?oh=fc37476efe45b1866819cb70cd1a6b1f&oe=584DA622)

![«Асықата кенті» командасы бас жүлдені иеленді](https://fbcdn-sphotos-a-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xfa1/v/t1.0-9/13938544_331482313907216_7608863114870950978_n.jpg?oh=9fdefa578a8732c8e55012a78fbc9fca&oe=581B6949&__gda__=1481730943_7305bd751e47642b9fa15a81bcc21bb4)

![«Асықата кенті» командасы бас жүлдені иеленді](https://fbcdn-sphotos-a-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xtp1/v/t1.0-9/13932739_331482287240552_813878647574072726_n.jpg?oh=14659d2e082f2b3bf4fa9de83cc2d41a&oe=584E3D6C&__gda__=1482501273_a027e5d7dd53ceb5b4c98e76561b7c52)

![«Асықата кенті» командасы бас жүлдені иеленді](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/13939393_331482447240536_1325742627632645855_n.jpg?oh=239211ce540f3702c3ccf96105220dac&oe=5819F953)

![«Асықата кенті» командасы бас жүлдені иеленді](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14063830_331482437240537_2388844098637903936_n.jpg?oh=9888c3e8bd27a4609b2af9241c14b763&oe=58554B0A)

![«Асықата кенті» командасы бас жүлдені иеленді](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14051593_331482410573873_7427165850541396495_n.jpg?oh=22655407dbb949951353f476b1a99270&oe=581B0ACB)

**(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/asy-ata-kenti-komandasy-bas-zh-ldeni-ielendi-707500](https://yvision.kz/kk/post/asy-ata-kenti-komandasy-bas-zh-ldeni-ielendi-707500)