---
title: "Астананың «күн» түспейтін ауданы."
description: "Астана қаласын Есіл ауданымен ғана өлшеуге болмайды. Оң жағалауда тоқалдан туғандай Алматы жəне Сар..."
author: "tusupbekuly"
published: "2014-06-07T08:11:27+00:00"
modified: "2014-06-07T13:50:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanany-k-n-t-speytin-audany-416558"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanany-k-n-t-speytin-audany-416558/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астананың «күн» түспейтін ауданы.

> Астана қаласын Есіл ауданымен ғана өлшеуге болмайды. Оң жағалауда тоқалдан туғандай Алматы жəне Сар...

![8klIVI74d777zTQz17MkxFX0LKb0hA.jpg](https://storage.yvision.kz/images/user/tusupbekuly/8klIVI74d777zTQz17MkxFX0LKb0hA.jpg)

Астана қаласын Есіл ауданымен ғана өлшеуге болмайды. Оң жағалауда тоқалдан туғандай Алматы жəне Сарыарқа деген тағы екі аудан бар. Қала күні келе жатқанда əкімшілікке айтар датым бар!

1. Жалпылай сөйлесем ешкім құлақ аспас. Жалқыға көшейін. Сарыарқа ауданының мен тұратын Мəскеу көшесінің бас жағында нашақорлар көп. Қалшылдап, селкілдеп жүретіндерді айтпағанда, балалар ойнайтын алаңдардан кəдімгі инелер, шприцтерді тауып алу "Ақсүйек" ойнағаннан оңай. Құқық қорғау органдарының ат ізін салмайтындығын ескеріп, тəуліктік полиция бекетін ашуды ұсынамын, орындалмаса, талап ететін боламын.

2. Жол сапасы сын көтермейді. Жаяу адам желкесін үзетін ой-шұқыр көп. Оны жөндеуге әп-әдемі "Бəйтеректің" маңайы мен "Нұржол" бульварын қайта бұзып жасағаннан көп қаржы кетпейді.

3. Қоғамдық көлік атаулыдан #4-ші автобустан басқа есек арба да жүрмейді... Таңертеңгі халық нөпірін көрсеңіздер. Толқып кете ме деп қорқамын.

4. ЖКХ мəселесі асқынып тұр. Бұл ауданда көпқабатты үй де көп емес. Сонда да аз үйдің мəселесі шешілмейді. Астананың көркін кетіріп тұрған көпқабатты үйлердің сыртқы келбетін жөндеуге сеп болатын біреу табылса...

P.S. Астана күніне дейін осындай посттар сериясын жариялап тұрмақпын. Кім біледі, осы ауданнан қалалық мəслихаттың депутаттығына кандидат та боп қалармын. Мүмкіндігім де көп сияқты. Себебі біздің Парламенттің де, қалалық мəслихаттың да депутаттары бұл жақтың жағдайын біле де, көре де бермейді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanany-k-n-t-speytin-audany-416558](https://yvision.kz/kk/post/astanany-k-n-t-speytin-audany-416558)