---
title: "Астананың бас санитар дәрігері ата-аналарға үндеу жасады"
description: "Елордада қызылша ауруына қатысты эпидемиологиялық жағдай күрделі болып отыр. Мұның басты..."
author: "jan.123"
published: "2024-01-16T04:23:19+00:00"
modified: "2024-01-16T04:23:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanany-bas-sanitar-d-rigeri-ata-analar-a-ndeu-zhasady-999928"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/astanany-bas-sanitar-d-rigeri-ata-analar-a-ndeu-zhasady-999928/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астананың бас санитар дәрігері ата-аналарға үндеу жасады

> Елордада қызылша ауруына қатысты эпидемиологиялық жағдай күрделі болып отыр. Мұның басты...

Елордада қызылша ауруына қатысты эпидемиологиялық жағдай күрделі болып отыр. Мұның басты себептерінің бірі – вакцинацияның жеткілікті деңгейде жасалмауы. Әсіресе, балалар арасында жағдай қиын. Осыған байланысты Астананың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова ата-аналарға үндеу тастады.

![Астананың бас санитар дәрігері ата-аналарға үндеу жасады](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/4fcbfc22eec534e7e6ff12436816f4.jpg)

Халықтың көп бөлігінде қызылшаға қарсы иммунитет қабатының болмауына себеп көп. Санитар дәрігердің айтуынша, бұл вирустың айналымы мен эпидемиологиялық процестің дамуы үшін қолайлы жағдай жасауды жалғастыруда.

“Сондықтан ревакцинация жүргізіп, балаларға уақтылы екпе алу керек. Науқаспен байланыста болған жағдайда 72 сағат ішінде шұғыл екпе алуға мүмкіндік барын атап өткім келеді. Осылайша вакцинация алмай науқаспен байланыста болған адамдарды инфекциядан уақтылы қорғау және инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында 2528 адам егілді. Сондықтан мен жалғыз тиімді қорғаныс-вакцинация екенін тағы бір рет атап өтемін. Балаларын уақтылы екпе алуын қамтамасыз ету ең алдымен ата-аналардың жауапкершілігінде.”, - деді Сархат Бейсенова астаналықтарға.

Айта кетейік, 2023 жылдың 6 қарашасынан бастап елордада 6 айдан 10 ай 29 күндік балаларға жаппай вакцинация жүргізілуде, желтоқсаннан бастап оларға 2-4 жастағы балалар қосылды.

6 қарашадан бастап ағымдағы уақытқа дейін 47 166 бала егілді – 36,5%, оның ішінде:

6 айдан 10 ай 29 күндік сәбилерге-8 986 немесе 37,4 %;

2-4 жас-27 137 немесе 36,5 %;

медицина қызметкерлері-5 351 немесе 89,2 %.

Сондай-ақ, ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес вакцинация алмаған балаларды анықтау жұмыстары жалғасуда. Осылайша, 1 және 6 жаста қызылшаға қарсы егілмеген 7-18 жас аралығындағы анықталған 13 000 баланың 6 435-і иммунизациямен қамтылды, бұл 49,5 пайызды құрайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/astanany-bas-sanitar-d-rigeri-ata-analar-a-ndeu-zhasady-999928](https://yvision.kz/kk/post/astanany-bas-sanitar-d-rigeri-ata-analar-a-ndeu-zhasady-999928)